Түркістан облысының Ақниет ауылында 3 жастағы бала жеке тұрғын үйдің ауласында орналасқан дала дәретханасына құлап кеткен. Оқиғаны байқаған жақындары бірден құтқарушыларды шақырған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, баланы тұрғындар өз күшімен шығара алмаған. Осыдан кейін оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрлігінің жедел-құтқару жасағы жіберілді.
Құтқарушылар арнайы құралдардың көмегімен баланы сыртқа шығарып, оны жедел жәрдем қызметінің мамандарына тапсырды. Балаға медициналық көмек көрсетілген.
Ақтауда жаяу жүргіншілер өткелінде баланы көлік қағып кетті
Төтенше жағдайлар қызметі ата-аналарға балаларды тіпті қысқа уақытқа да қараусыз қалдырмау қажеттігін ескертіп, мұндай жағдайлардың алдын алу үшін қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды.
Қарағандыда 10 жастағы қыз екінші қабаттан құлап кетті