• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Кеше

Ауа райы күрт нашарлады: Бірқатар жолда жол апаты тіркелді

0 рет
көрсетілді

«Астана – Қарағанды – Алматы» республикалық автожолында қолайсыз ауа райы салдарынан 7 көліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы тіркелді. Жол қызметтері мен құқық қорғау органдары қозғалысты қалпына келтіру және қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жұмыс жүргізіп жатыр, деп жазады Egemen.kz.

Оқиға орны және ауа райы

Бүгін сағат 10:15 шамасында 148-шақырымда, Қарағанды бағытында (148-шақырым тұсында) Ошағанды маңында жол-көлік оқиғасы болды. Оқиға мезетінде жол учаскесінде қолайсыз ауа райы – қардың ұйытқып жаууы, боран, екпінді жел және көріну деңгейінің төмендеуі байқалған.

Бұл жол учаскесінде қозғалысқа бірқатар шектеу алдын ала енгізілген болатын:

− Сағат 08:30-да Қарағанды облысы Полиция департаментінен рұқсат етілген жылдамдық 110 км/сағаттан 80 км/сағатқа дейін төмендету туралы нұсқама түсті, ол сағат 09:00-ден бастап күшіне енді.− Ақмола облысы аумағында ауа райының күрт нашарлауына байланысты барлық көлік құралдарының қозғалысына уақытша шектеу енгізілді.− Қарағанды облысында ауа райының нашарлауы шамамен сағат 10:00-де байқала бастады.

СҚО-да 184 жол-көлік оқиғасы тіркелген

Жол қызметтерінің әрекеті

Оқиға болған кезде ЖПУ-89 жол пайдалану учаскесінің патрульдік техникасы алдын ала қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін кезекшілікте тұрған.

Қазіргі уақытта жол бойындағы қозғалысты қалпына келтіру және қауіпсіздікті сақтау үшін ЖПУ-89 мекемесінің 11 бірлік арнайы техникасы жұмылдырылған:

− 7 бірлік кешенді жол машинасы− 2 бірлік жол жөндеу қызметінің техникасы− 1 жүк тиегіш− 1 МТЗ тракторы

Жол қызметтері жол-көлік оқиғасының салдарын жою және жол бойында қауіпсіз әрі үздіксіз қозғалысты қамтамасыз ету бағытында жұмыстарын белсенді жүргізіп жатыр.

Жол-көлік оқиғасын азайтудың бір шарасы

Соңғы жаңалықтар