• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 17:22

Астанадағы Орталық саябақ заманауи талапқа сай жаңғыртылады

10 рет
көрсетілді

Елордадағы Орталық саябақта ауқымды жаңғырту жұмыстары басталды. Қала тұрғындарының демалыс орны саналатын жасыл аймақ енді заман талабына сай жаңартылып, бұрынғыдан да жайлы әрі көрікті болмақ, деп жазады Egemen.kz.

Жоба аясында 15 мың шаршы метрден астам аумақта құрылыс және абаттандыру жұмыстары жүргізіледі. Жаңғырту «Қазақстан күні» монументінен бастап Есіл өзенінің жағалауына дейінгі бөлікті қамтиды.

Саябақта құстарды тамақтандырғандар жауапкершілікке тартыла ма?

Жоспарға сәйкес, саябақтағы сынған тротуар плиткалары толықтай ауыстырылады. Сонымен қатар орындықтар мен басқа да шағын сәулеттік нысандар жөнделіп, жаңартылады. Демалушылардың қауіпсіздігі мен жайлылығы үшін заманауи жарық шамдары орнатылып, декоративті жарықтандыру жүйесі іске қосылады.

Инженерлік желілер мен субұрқақ кешені де қайта жаңғыртылып, саябақ инфрақұрылымы толық жаңарады. Бұл өзгерістер демалыс аймағының көркін арттырып қана қоймай, оның қызмет ету мүмкіндігін де кеңейтеді.

Семейде жаңа саябақ ашылды

Жаңарту жұмыстарының маңызды бағыты – жасыл желекті көбейту. Саябақ аумағына 151-ден астам ағаш және 7 973 көпжылдық бұта отырғызу жоспарланған. Бұл көлеңкелі әрі тыныш демалыс ортасын қалыптастырып, серуендеуге қолайлы жағдай жасайды.

Жалпы алғанда, Орталық саябақты жаңарту – елордадағы жасыл аймақтарды көбейтіп, қала тұрғындары үшін жайлы әрі қауіпсіз қалалық орта қалыптастыруға бағытталған кешенді жұмыстың бір бөлігі.

Астана ажарын ашатын саябақ

Соңғы жаңалықтар