2025 жылғы қорытынды бойынша еліміздегі негізгі капиталға салынған инвестиция 22,7 трлн теңгеге жетіп, 2024 жылмен салыстырғанда 13%-ға өсті (19,5 трлн теңге). Инвестициялық белсенділіктің өсуі экономиканың бірден бірнеше негізгі секторында тіркелді, деп жазады Egemen.kz.
Инвестицияның неғұрлым серпінді өсуі қаржы мен сақтандыру қызметінде 88,4%-ға, 313,5 млрд теңгеге дейін байқалды. Сонымен қатар бірнеше негізгі салада инвестиция айтарлықтай өскен:
электр энергиясымен, газбен, бумен және ыстық сумен жабдықтау саласында – 53,1%;
ауыл шаруашылығында – 53%;
өңдеу өнеркәсібінде – 30,1%;
ақпарат және байланыс саласында – 13,4%;
білім беруде – 9,2%;
көлік пен қоймада – 9%.
2025 жылдың 9 айында елімізге тікелей салынған шетелдік инвестицияның жалпы көлемі 14,9 млрд долларға жеткен. Бұл 2024 жылғы сәйкес кезеңмен (13,4 млрд доллар) салыстырғанда 10,9%-ға артық.
Жаңа Конституция – орнықты экономикалық өсімнің іргетасы: Олжас Бектенов Инвестициялық ахуал жөніндегі кеңес өткізді
Инвестициялық ахуалды одан әрі жақсарту үшін Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Инвестициялық саясат тұжырымдамасы бекітілді. Құжат жаңа жаһандық экономикалық үрдістерді ескере отырып, инвестиция тарту жүйесінің тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар кешенін көздейді.
Тұжырымдаманың негізгі мақсаты – қосылған құны жоғары бәсекеге қабілетті өндіріс құруға және экономиканың шикізаттық емес саласын дамытуға инвестиция тарту.
Бүгінде Қазақстанда инвестиция тартудың сыртқы, орталық және өңірлік деңгейі жұмыс істеп жатыр. Бұл ретте инвесторлармен жұмыс істеуде әлеуетті әріптестерді іздеуден және келіссөздер жүргізуден бастап, жобаларды іске асыруға және оларды одан әрі сүйемелдеуге дейінгі кешенді тәсіл енгізіледі.
Инвестиция тартуға құқықтық сенімділік керек
«Kazakh Invest» ҰК» АҚ шетелдік өкілдіктерінің желісін кеңейту және жұмыс істеп тұрған кеңселерді қайта ұйымдастыру есебінен елдің инвестициялық әлеуетін халықаралық ілгерілетуді күшейту жоспарланып отыр.
Салалық мемлекеттік органдар бизнеспен бірлесіп, экономиканың жалпы қосылған құнын ұлғайтуға арналған басым инвестициялық жобалардың тізбесін қалыптастырады. Мұндай жобаларды дайындау және құрылымдау үшін «Бәйтерек» ҰИХ» АҚ жанынан инвестициялық қызмет (Investment Board) құрылды. Ол ірі инфрақұрылымдық бастамаларды іске асырумен де айналысады.
Инвесторларды кешенді сүйемелдеу үшін Kazakhstan Investment House атты негізгі даму институттарын біріктіретін және инвестициялық рәсімнің жедел және ашық өтуін қамтамасыз ететін «бір терезе» қағидаты бойынша бірыңғай орталық құрылады.
Инвестицияларды тартуда өңірлерге ерекше рөл беріледі. Өңірлік инвестициялық штабтардың жұмысын күшейту, инвестициялық жобаларды дайындау сапасын арттыру және қажетті инфрақұрылымды дамыту жоспарланып отыр.
Жеті жылда негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі екі есеге жуық өсті
Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар салалық кластерлерді қалыптастыруға және активтерді тиімді басқаруға бағдарланған өңірлік даму институттарына айналдырылады. Бір мезгілде арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар шеңберінде инвесторлар үшін рәсімдер жеңілдетіледі.
Қосымша шаралар инвесторлардың құқығын қорғауды күшейтуге арналған. Инвестициялық омбудсменнің функциясы Бас прокурорға беріледі. «Жасыл дәліз» деп аталатын қатысушыларға мемлекеттік қызметтерді алудың жеделдетілген тәртібі енгізіледі.
Бұдан басқа, өңірлерде инвестициялық жобаларды іске асыруды құқықтық сүйемелдеуді қамтамасыз ететін инвестициялық прокурорлар тағайындалады.