• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар Бүгін, 14:53

Елімізге көшіп келетіндер көбіне қай өңірге қоныстанады?

10 рет
көрсетілді

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2025 жылы елімізге тұрақты тұруға 23 761 адам келді, ал кеткендердің саны 7 608 адамды құрады, деп жазады Egemen.kz.

2024 жылмен салыстырғанда елден кеткендер саны – 40,2% азайды, елге келгендер саны – 18,9% кеміді.

Негізгі көші-қон алмасуы ТМД елдері арасында жүрген. Достастық елдеріне барлық келушілердің 81,8%-ы және кеткендердің 71,8%-ы тиесілі. Басқа елдердің ішінде Қытайдан, Моңғолиядан және Германиядан келгендердің саны көп болса, кеткен елдер арасында азаматтар Германия, Польша және АҚШ-қа көбірек көшкен.

Еңбек көші-қонында тәуекел көп

Келгендердің басым бөлігі тұрақты тұру үшін еліміздің өңірлері арасында Алматы облысын – 5 754 адам, Алматы қаласын – 4 068 адам және Маңғыстау облысын – 3 562 адам таңдаған.

Елден кеткендердің көбі Қарағанды облысынан – 1 451 адам, Алматы қаласынан – 757 адам және Шығыс Қазақстан облысынан – 685 адам көшіп кеткен.

Ел мүддесіне сай жаңа көші-қон саясаты

Шетелден кеткендер мен келгендердің негізгі үлесі 35-39 жас аралығындағы азаматтар. Елден кеткендер және келгендер арасында техникалық және экономикалық білімі бар адамдар саны басым.

2024 жылмен салыстырғанда ел ішіндегі көші-қон – 13,6% өсті. Өңірлер арасында еліміздің 4 аймағында халық көші-қонының оң айырмасы байқалып отыр. Атап айтқанда, Астанада − 87 459 адам, Алматы қаласында − 33 126 адам, Шымкентте − 15 130 адам, Алматы облысында − 12 110 адам.

Қазақстанда 2030 жылға дейінгі көші-қон саясатының жаңа тұжырымдамасы әзірленді

Соңғы жаңалықтар