17 жасар Дастан Сәтпаев Қазақстан премьер-лигасының маңызды ойыны «Ақтөбемен» кездесуде командасына жеңіс сыйлады. Ойынның екінші таймында алаңға шыққан жас шабуылшы 76-минутта қарсыласынан допты тартып алып, дәл соққымен есеп ашты. Бұл – оның жаңа маусымдағы алғашқы голы, деп хабарлайды Egemen.kz.
Испанияның Mundo Deportivo басылымының тілшісі Хавьер Альфаро Сатпаевтың ойынын жоғары бағалап:
«Дастан Сәтпаев екі аяқты да табиғи түрде қолданады, қысқа комбинациялық ойында да мінсіз әрекет етеді. Шынайы алмаз, өңделмеген күйінде», деген пікір білдірді.
Айта кетейік, Дастан Сәтпаевтың құқықтары Лондонның Челси клубына тиесілі. Ол Англияға 18 жасқа толғаннан кейін, яғни 2026 жылдың 12 тамызында ауысуы мүмкін.
«Атырау» футбол клубының сапына нигериялық легионер қосылды
Өткен маусымда Сәтпаев чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде гол соққан алғашқы қазақстандық, сондай-ақ Қазақстан құрамасының тарихындағы ең жас гол авторы атанды (Әлем чемпионатының іріктеу ойындарында Бельгияға қарсы матч). Өткен маусымда оның есебінде жалпы 20 гол және 8 пас бар: Қазақстан премьер-лигасында 14+7, Лига чемпиондарының іріктеу кезеңінде 3+1, жалпы кезеңде бір гол және Қазақстан Кубогында бір гол.
Ең қымбат футболшы: «Болонья» клубы Омар Мұрадовты рекордтық сомаға сатып алды