Иранның оңтүстігіндегі «Бушер» атом электр станциясы маңында кезекті әуе соққысы тіркелді. Ресми деректерге қарағанда, шабуыл АҚШ пен Израиль тарапынан жасалған, алайда нысанның өзіне зақым келмеген, деп жазады Egemen.kz.
IRNA Иранның Атом энергиясы жөніндегі ұйымына сілтеме жасай отырып, 24 наурыз күні кешкі сағат 21:08 шамасында (Гринвич бойынша 17:38) снаряд «Бушер» қаласындағы атом нысанына жақын аумаққа түскен.
Израиль Иранның Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы қаза тапқанын мәлімдеді
Агенттік бұл әрекетті АҚШ пен Израильдің «дұшпандық қимылдарының жалғасы» деп бағалады. Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендер жоқ, сондай-ақ атом нысанына зақым келмеген.
Айта кетейік, бұл – соңғы күндері тіркелген екінші шабуыл. Бұған дейін 17 наурызда дәл осындай соққы жасалып, ол кезде де ешқандай қирату мен адам шығыны болмаған.
Мәліметтерге сүйенсек, 28 ақпаннан бері АҚШ пен Израиль Иран аумағына әуе соққыларын жалғастырып келеді. Соның салдарынан 1 340-тан астам адам қаза тапқан, олардың қатарында Иранның бұрынғы жоғарғы көшбасшысы Әли Хаменеи де бар екені айтылады.
Иранның жаңа рухани жетекшісінің жараланғаны расталды
Өз кезегінде Тегеран жауап ретінде ұшқышсыз ұшу аппараттары мен зымырандар арқылы соққы беріп, Израильмен қатар Иордания, Ирак және Парсы шығанағындағы бірқатар елдердегі АҚШ әскери нысандарын нысанаға алған.
Қақтығыстың ушығуы салдарынан инфрақұрылымға зиян келіп, адам шығыны артқан, сондай-ақ әлемдік нарықтар мен әуе қатынасына кері әсер еткен.
Иран АҚШ-пен келіссөздер жүргізіліп жатқанын жоққа шығарды