Беделді Goal спорт басылымы жыл сайынғы NXGN 2026 рейтингін жариялады. Аталған тізімге әлемдегі ең талантты 50 жас футболшы енген, деп жазады Egemen.kz.
Бұл рейтингте алматылық «Қайрат» клубының және Қазақстан ұлттық құрамасының 17 жастағы шабуылшысы Дастан Сәтпаев 43-орынға тұрақтаған.
Ал рейтингтің алғашқы үштігінде Ламин Ямаль (Испания, Барселона), Эстеван (Бразилия, Челси) және Пау Кубарси (Испания, Барселона) тұр.
Дастан Сәтпаев алдағы маусымда жаңа нөмірмен алаңға шығады
Goal басылымы Дастан Сәтпаевтың ойын әлеуетіне жоғары баға беріп, оны әлемдік деңгейдегі жұлдыздармен салыстырады.
«Қайрат» сапында жарқырай көрінген 17 жастағы шабуылшы қазірдің өзінде «Челсидің» назарын аударды. Ойын мәнері мен шабуылды нәтижелі аяқтау қабілеті бойынша оны Серхио Агуэромен салыстырады. Ендігі басты сұрақ оның BlueCo жүйесіне өткеннен кейін жаңа деңгейге қалай бейімделетіні болып отыр», делінген материалда.
Найджел Джеймс Дастан Сәтпаевтың жеке тәлімгері атанды
Айта кетейік, Дастан Сәтпаев биыл жазда «Челси» клубына ауысады. Трансфер құны 4 миллион еуроны құрайды. Ол 2025 жылғы Қазақстан чемпионатында 14 гол соғып, 7 нәтижелі пас берген.
Испаниялық журналист Дастан Сәтпаевтың «Ақтөбеге» соққан голына тәнті болды