• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Заң Бүгін, 12:33

Көші-қон заңнамасын бұзған 121 шетелдік елден шығарылды

20 рет
көрсетілді

Қоғамдық тәртіпті сақтау және көші-қон заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында республика аумағында «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Іс-шара барысында көші-қон заңнамасын бұзған 7 мыңнан астам шетел азаматтары анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атап айтқанда, 4,1 мың шетел азаматы елде болу ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 2,7 мың адам заңсыз еңбек қызметін жүзеге асырған. 2,2 мың Қазақстан азаматы мен заңды тұлға шетелдіктер туралы полицияға уақытылы хабар бермеген. 500-ден астам жұмыс беруші шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланған.

Салынған айыппұлдардың жалпы көлемі 200 миллион теңгеден асты. Сонымен қатар, заң бұзған немесе елде болу негіздері жойылған 1,5 мың шетел азаматының Қазақстанда болу мерзімі қысқартылды.

Көші-қон заңнамасын бұзған 132 шетелдік ел аумағынан шығарылды

Сот шешімімен 1,2 мың шетел азаматын елден шығару туралы қаулы қабылданды. Олардың ішінде 121 адам мәжбүрлі түрде елден шығарылды, соның 8-і радикалды көзқарастағы тұлғалар. Барлық шығарылған азаматтарға Қазақстанға 5 жылға кіруге тыйым салынды.

Іс-шара барысында 24 қылмыстық іс қозғалды:

9 іс – мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өту бойынша; 9 іс – заңсыз көші-қонды ұйымдастыру фактілері бойынша; 6 іс – шетелдік жұмыс күшін тарту тәртібін бұзу бойынша.

Талдау нәтижесінде, көші-қон заңнамасының бұзылуына көбінесе Қазақстан азаматтарының өздері ықпал ететіні анықталды. Негізгі себеп – заңсыз жолмен тез табыс табуға ұмтылу.

Мысалы, Шымкент қаласында, сондай-ақ Алматы, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарында шетелдік жұмыс күшін тарту ережелерін бірнеше рет бұзу фактілері тіркелді. Бұл деректер бойынша Қылмыстық кодекстің 395-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды.

Шекарадан заңсыз өтпек болған 18 шетелдік ұсталды

Сонымен қатар, бір өңірде Қазақстан азаматы жалған құжаттар арқылы шетелдіктерді заңдастырғаны анықталды. Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 394-бабы бойынша іс қозғалды.

Іс-шара кезінде халықаралық іздеуде жүрген 22 шетел азаматы ұсталды. Олардың кейбірі Алматы қаласында, Маңғыстау, Түркістан және Жамбыл облыстарында анықталған.

Құқық қорғау органдары көші-қон заңнамасының бұзылуын анықтау және алдын алу жұмыстарын жалғастырып жатыр. Негізгі қағида – заң бәріне ортақ және оны сақтау міндетті.

Соңғы жаңалықтар