• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Елорда Бүгін, 13:51

Астанада жұмыс табу жеңілдейді: Мансап орталығы үш жерде ашылды

20 рет
көрсетілді

Астана қаласы әкімдігі елордада жаңа 3 мансап орталығы ашылғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Әкімдік мәліметінше, кейінгі 3 ай ішінде Мансап орталығының жұмыспен қамту шараларымен 5 160 адам қамтылған, оның ішінде 2560-ы – жастар.

Астанада жаңадан ашылған мансап орталықтары мына мекенжайларда жұмыс істейді: • Есіл – Нұра аудандарының Мансап орталығы (Достық даңғылы, 13); • Сарыарқа – Байқоңыр аудандарының Мансап орталығы (Бейбітшілік көшесі, 9); • Алматы – Сарайшық аудандарының Мансап орталығы (А. Байтұрсынұлы к., 29/2).

Жас кадрларға сұраныс: Қостанайда еңбек нарығы кеңейіп келеді

Мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі жоқ түлектерге «Жастар практикасы» бағдарламасы бойынша айлығы 130 мың теңге болатын жұмыс ұсынылады. Қазір 400-ден астам жұмыс беруші Жастар практикасы бойынша 1500 бос жұмыс орнын ұсынып отыр.

50 жастан асқан азаматтарға «Күміс жас» бағдарламасына қатысу ұсынылады. Бұл бағдарлама аясында 3 жылға дейін жұмысқа орналастырып, мемлекет тарапынан жалақының 70%-ына дейін субсидия беріледі.

Еңбек нарығындағы сәйкессіздік: Бос жұмыс орны көп пе әлде жұмыссыздар ма?

Кадрларға қажеттілігі бар жұмыс берушілер қысқа мерзімді курстар арқылы мамандар даярлауға өтінім бере алады.

Enbek.kz электрондық еңбек биржасында 1 900 ұйымнан 5 000-нан астам бос жұмыс орны орналастырылған.

Еңбек нарығы: маман көп, жұмысшы тапшы

Соңғы жаңалықтар