• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 13:25

Аутизмді ерте кезеңде қалай анықтаймыз?

20 рет
көрсетілді

Қазақстанда аутистік спектрдегі бұзылыстарды (АСБ) ерте анықтау және балаларға кешенді қолдау көрсету бағытында жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр. Бұл бастамалар ерте диагностика сапасын арттыруға, көмек көрсетуді қолжетімді етуге және балалардың өмір сапасын жақсартуға бағытталған, деп жазады Egemen.kz.

Жыл сайын 2 сәуірде әлемде аутистік спектрдегі бұзылыстар туралы ақпаратты тарату күні атап өтіледі. Бұл күннің мақсаты – қоғамның хабардарлығын арттыру, ерекше қажеттілігі бар балаларды қабылдау мәдениетін қалыптастыру және олардың отбасыларына қолдау көрсету.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, аутизм – өмір бойы сақталатын және денсаулық сақтау мен әлеуметтік саясатта өзекті мәселе. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бағалауынша, әлемде әрбір 100 баланың шамамен 1-інде АСБ диагнозы кездеседі.

Қазақстанда да бұл бағытта статистика артып отыр. 2026 жылы динамикалық бақылауда аутистік спектрдегі бұзылыстары бар 17 196 бала тіркелген. Мамандар мұны диагностиканың жақсаруымен, ерте анықтау бағдарламаларының кеңеюімен және медициналық көмектің қолжетімділігінің артуымен байланыстырады.

Аутизмге шалдыққан балаларды емдеу шаралары жақсарады

Елімізде АСБ бар балаларға арналған бірыңғай көмек көрсету маршруты қалыптастырылған. Ол 16 айдан 30 айға дейінгі балаларда ерте скринингтен бастап, кешенді медициналық, оңалту, білім беру және әлеуметтік бейімдеу шараларын қамтиды.

Диагностика процесінде M-CHAT-R скрининг әдісі қолданылады. Қазақстанда АСБ диагнозы 3 жастан бастап тек психиатр дәрігердің қорытындысымен қойылады. Егер айқын белгілер анықталса, психикалық денсаулық орталықтарында мамандандырылған медициналық көмек көрсетіледі.

АСБ кезінде түзету көмегі баланың мінез-құлқын жақсартуға, симптомдарды азайтуға және өмір сапасын арттыруға бағытталған. Әлемдік тәжірибеде негізгі емдеу тәсілі ретінде психологиялық-педагогикалық және мінез-құлықтық терапия кеңінен қолданылады.

«Самұрық-Қазына» қолдауымен аутизмі бар балалар велоспортпен айналысады

Қазақстанда оңалту қызметтері де кеңейтілген. Қазіргі уақытта 80 оңалту орталығы жұмыс істейді, оның ішінде 20-сы – ерте араласу орталығы. Сонымен қатар әлеуметтік жүйеде 8 күндізгі болу орталығы, ал білім беру саласында 11 түзету орталығы АСБ бар балаларға қызмет көрсетеді.

Мамандардың айтуынша, қазіргі басты басымдық – әр баланың жеке қажеттіліктерін ескеру, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру және ерте диагностика жүйесін одан әрі дамыту.

«Жұмыс іздеуге кеткен». Оралда аутизмге шалдыққан жігіт табылды

Соңғы жаңалықтар