• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Экология Бүгін, 13:23

Қала көркіне айналмақ эко-парк

40 рет
көрсетілді

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Алматы облысында ауқымды сенбілік өтті, деп хабарлайды Egemen.kz. Оған өңір бойынша 30 мыңға жуық адам қатысып, 394 тонна қоқыс жиналып, шығарылды. Бұл науқанға 200 арнайы техника жұмылдырылды. Сондай-ақ 20 мыңға жуық ағаш отырғызылды

Оған өңір бойынша 30 мыңға жуық адам қатысып, 394 тонна қоқыс жиналып, шығарылды. Бұл науқанға 200 арнайы техника жұмылдырылды. Сондай-ақ 20 мыңға жуық ағаш отырғызылды. 

Бұл күні Қонаев қаласында 10 гектар аумақты қамтитын «Барыс» эко-паркінің негізі қаланып, ағаш көшеттеріотырғызылды. Игі шараға қала тұрғындары, жастар, мекеме қызметкерлері мен белсенділер қатысты. Өңір басшысы Марат Сұлтанғазиев те қолына кетпен-күрек алып, экологиялық акцияға өз үлесін қосты.

«Қонаев қаласы – облыс орталығы ретінде қарқынды дамып келе жатқан шаһар. Сондықтан мұнда халықтың демалысына, салауатты өмір салтын ұстануына қолайлы жағдай жасау – біздің басты міндетіміз. «Барыс» эко-паркі тек ағаш егетін орын емес, ол – қала тұрғындары мен қонақтары үшін заманауи мәдени демалыс орталығы, жайлы қоғамдық кеңістік болмақ. Мұндай игі шараларға қоғам белсенділерінің, ардагерлеріміз бен жалынды жастарымыздың атсалысуы көңіл қуантады. «Атадан мал қалғанша, тал қалсын» деген даналықты ұстанған халқымыз үшін ағаш егу – ең сауапты істердің бірі. Бұл акция өскелең ұрпақтың бойында патриотизм мен табиғатқа деген сүйіспеншілікті оятады деп сенемін», деді Марат Елеусізұлы.

Аймақ басшысының айтуынша, биыл өңірімізде 220 мың ағаш егу жоспарланса, жыл басынан бері оның 22 мыңы отырғызылған.

Қала тұрғындары шаһардың көркейіп, дамуы ортақ жауапкершілік екенін айтып, игі бастамаға біркісідей атсалысты. Жұдырықтай жұмылған жұмыстың нәтижесінде парк аумағына 200 түп көшет отырғызылды. Алдағы уақытта бұл жердегі көшеттің жалпы санын 5 мың түпке жеткізу жоспарланған. Өңірдің климаттық ерекшелігі ескеріліп, төзімді әрі сәнді ағаш түрлері таңдап алынған. Одан бөлек мұнда жаяу жүргіншілер жолы, заманауи жарықтандыру жүйелері мен демалатын орындар жасалып, тұрғындар үшін жайлы ортаға айналмақ. Жыл соңына дейін толық пайдалануға беріледі. Сонымен қатар «Көшпенділер қалашығы» маңында да эко-парк құрылып, онда 500 түп ағаш отырғызу жоспарланған. Абаттандыру жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізіледі.

Соңғы жаңалықтар