• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Ауа райы Бүгін, 11:26

-18 градус аяз: Қазақстанда күн күрт суытады

40 рет
көрсетілді

Синоптиктердің болжамына сәйкес, 16-18 сәуір аралығында Қазақстан аумағына екі түрлі барикалық түзілім әсер етеді. Батыстан шығысқа қарай жылжитын циклон еліміздің басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз болуына себеп болып, қар аралас жаңбыр жаууы ықтимал, деп хабарлайды Egemen.kz.

Кезеңнің соңына қарай солтүстік антициклон әсері күшейіп, оның ықпалы Солтүстік, Орталық және Шығыс Қазақстанға тарайды. Соның салдарынан ауа температурасының төмендеуі күтіледі.

Сондай-ақ республика аумағында тұман түсіп, желдің күшеюі ықтимал. Ал солтүстік, шығыс және орталық аймақтарда көктайғақ қалыптасуы мүмкін.

Жаңбыр,найзағай,қатты жел: ертең ауа райы күрт өзгереді

Мамандардың болжамынша, кезең басында солтүстік өңірлерде түнгі температура -1…-8°С аралығында, күндіз +1…+8°С шамасында болады. Ал соңына қарай шығыс аймақтарда түнде -2…-18°С-қа дейін суытып, күндізгі температура 0…+13°С аралығында құбылады.

Өзге өңірлерде ауа температурасы айтарлықтай өзгермейді деп күтіледі.

Соңғы жаңалықтар