Соңғы екі жылдың ішінде Қазақстанда Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша медицина қызметкерлерін әлеуметтік қолдау және олардың мәртебесін арттыруға бағытталған кешенді шаралар жүзеге асырылып жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, бұл шаралар елімізде дәрігерлер тапшылығын 20,4%-ға, орта буын медицина қызметкерлерінің тапшылығын 13%-ға төмендетуге, кадрлармен қамтамасыз ету деңгейін ЭЫДҰ елдері деңгейіне жеткізуге, сондай-ақ соңғы 5 жылдың ішінде медицина қызметкерлерінің сыртқы көші-қонын шамамен 5 есеге қысқартуға мүмкіндік берген. Атап айтқанда, соңғы екі жылдың ішінде медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыруға, қызметтік міндеттерін атқару кезінде медицина қызметкерлеріне қатысты дене жарақатын келтіру мен қатыгездік көрсету үшін жауапкершілікті күшейтуге бағытталған бірқатар заң қабылданды, сондай-ақ қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету бойынша шаралар енгізілді.
Ақысыз қызмет көрсететін дәрігерлер
Ауылдық жерлердегі аса тапшы мамандықтар бойынша (акушерлік және гинекология, педиатрия, анестезиология және реаниматология және т.б.) медицина қызметкерлерін ынталандыру мақсатында 100 ең төменгі жалақы мөлшерінде немесе 8,5 млн теңге көлемінде біржолғы әлеуметтік төлемдер беру көзделген. Сонымен қатар медицина қызметкерлеріне қызметтік тұрғын үй беру, көтерме жәрдемақы төлеу, коммуналдық шығыстарды өтеу және басқа да жеңілдіктер түрінде қосымша әлеуметтік қолдау шаралары қарастырылған.
Ұшақтағы тосын жағдай: Дәрігер жүкті әйелге әуеде көмек көрсетті
Медицина кадрларының сыртқы көші-қоны айтарлықтай қысқарғаны байқалады. Соңғы бес жылдың ішінде шетелге кететін мамандардың саны шамамен 5 есеге азайған. Мәселен, 2021 жылы – 904, 2022 жылы – 668, 2023 жылы – 429, 2024 жылы – 280, 2025 жылы – 186 маман шетелге қоныс аударған.
Елімізде 58 мыңнан астам әйел дәрігер еңбек етеді