• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Волонтер Бүгін, 13:55

Ирландияда Халықаралық волонтерлер жылы аясында «26 for 26» акциясы басталды

40 рет
көрсетілді

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен БҰҰ 2026 жылды тұрақты даму мақсатында Халықаралық волонтерлер жылы (IVY 2026) деп жариялады. Осыған орай әлемнің әр түкпірінде игі бастамалар жүзеге асырылып келеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аталған бастама азаматтардың волонтерлік қозғалысқа белсенді қатысуын арттыруға және оның қоғамдағы маңызын күшейтуге бағытталған түрлі қозғалыстарды қамтиды. Солардың бірі – Ирландияда өтіп жатқан «26 for 26» ұлттық акциясы.

Волонтерлік және азаматтық бастамаларды дамытуға 1 млн теңге грант беріледі

Бұл бастама ел тұрғындарын жыл бойы 26 сағат уақытын волонтерлік қызметке арнауға шақырады. Акция аясында халықтың осал топтарына қолдау көрсету, білім беру жобаларын дамыту, жергілікті қауымдастықтарға көмек көрсету, экологиялық шаралар өткізу және ирланд тілі мен мәдениетін насихаттау бағыттары қамтылған.

Егде волонтердің елеулі ісі

Нұрболат АМАНБЕК

Соңғы жаңалықтар