• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қаржы Бүгін, 15:56

Ломбард қызметіне қойылатын талаптар күшейе ме?

40 рет
көрсетілді

Қазақстанда кепілсіз тұтынушылық несиелерге қойылатын талаптар күшейгеннен кейін ломбардтарға жүгіну жиілеген. Бұл туралы Мәжілісте өткен брифингте Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы Мадина Әбілқасымова мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оның айтуынша, ломбардтардағы қарыз жүктемесі банктер мен микроқаржы ұйымдарындағы несиелерден өзгеше жұмыс істейді. Мұнда азамат өз мүлкін кепілге қойып, соның негізінде қарыз алады.

Ақтөбеде зергер тұтынушылардың бұйымдарын ломбардқа өткізіп жіберген

«Бұл жағдайда адам кепіл мүлкін ұсынады, яғни оның ломбард алдындағы міндеттемесі сол кепілмен шектеледі. Егер қарыз уақытында өтелмесе немесе төлем жасалмаса, міндеттеме тоқтатылады. Сондықтан қарыз жүктемесінің ұлғаю қаупі болмайды», деді агенттік төрайымы.

Осы ерекшелікке байланысты ломбард қызметін реттеу банктер мен микроқаржы ұйымдарына қарағанда жеңілдеу. Сол себепті агенттік бұл салаға қатысты талаптарды қатаңдатуды жоспарлап отырған жоқ. Дегенмен қолданыстағы нормалар мен шектеулердің сақталуына тексеріс жүргізіледі.

Мәселен, қолданыстағы талаптарға сәйкес, ломбардтар қарыз мерзімін 90 күннен артық ұзартуға құқылы емес.

19 млрд теңгеден астам заңсыз табыс: «Актив Ломбард» иесінің былығы әшкере болды

Сондай-ақ тұтынушылардың құқықтарын қорғау талаптары барлық ломбардтарға бірдей қолданылады. Қарыз алушылар қажет болған жағдайда өз берешегін реттеу үшін тиісті органдарға жүгінуге құқылы.

Айта кетейік, 19 наурыздан бастап ломбардтар алдындағы қарыздар соттан тыс банкроттық рәсімінде есепке алынбайды.

Соңғы жаңалықтар