• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Президент Бүгін, 12:52

Қазақстан және Кипр президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді

Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге ресми сапармен келген Кипр Республикасының Никос Христодулидиспен шағын құрамда келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға 2019 жылы Никос Христодулидистің келгенін еске салды.

«2019 жылы Сыртқы істер министрі лауазымын атқарып жүргеніңізде елімізге келіп, Қазақстанның Еуропа Одағындағы сенімді досы әрі қолдаушысы ретінде әрекет ететініңізді мәлімдеген едіңіз. Бүгінде біз айтарлықтай нәтижеге қол жеткіздік деп сеніммен айтуға болады. Мемлекеттеріміздің астаналарында елшіліктерімізді аштық. Екі ел арасында тікелей әуе рейсі іске қосылды, басқа да бірқатар маңызды жоба жүзеге асырылды. Дегенмен екіжақты ықпалдастықты кеңейту үшін әлеуетіміз жеткілікті деп ойлаймын. Өз тарапымнан көптеген бағытта ынтымақтастығымызды одан әрі дамытуға күш салуға дайынмын», деді Мемлекет басшысы.

Өз кезегінде Кипр Президенті Никос Христодулидис Кипрден тікелей қатынайтын алғашқы рейс арқылы келгеніне өте қуанышты екенін жеткізді.

«Сіздің еліңізге Кипрден тікелей қатынайтын алғашқы рейс арқылы іскерлік делегация өкілдерімен бірге ұшып келгеніме өте қуаныштымын. Елдеріміздің әлеуеті мол. Бүгінгі келіссөздер өзара ынтымақтастықты арттыруға септігін тигізеді деп санаймын. Сондай-ақ Қазақстанға басқа лауазымда келіп отырмын. Қазіргі уақытта еліміз Еуропа Одағы Кеңесіне төрағалық етіп жатыр. Аталған өңірдің маңызын және Қазақстанның ерекшеліктерін ескере отырып, Еуропа Одағы мен Қазақстан арасындағы ықпалдастықты одан әрі ілгерілету жолдарын талқылауға әзірмін», деді Никос Христодулидис.

Еске салайық, Тәуелсіздік сарайында Кипр Республикасының Президентін ресми қарсы алу рәсімі өтті. 

Соңғы жаңалықтар