• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қазақстан Бүгін, 10:54

Елден 12 тонна жанармайды заңсыз шығармақ болғандар ұсталды

ІІМ жанар-жағармайды елден заңсыз әкету, көлік құралдарын заңсыз қайта жабдықтаудың жолын кесу бойынша жұмысты күшейтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Polisia.kz мәліметінше, мемлекеттік шекарадағы 48 автокөлік өткізу орнында патрульдік полицияның 59 бекеті жұмыс істейді. Жанар-жағармайды заңсыз тасымалдау фактілерін, оның ішінде жол талғамайтын көліктерді пайдалану арқылы жүзеге асырылатын әрекеттерді анықтау-тоқтату бойынша шаралар қабылданып жатыр. Шекара маңында орналасқан Жамбыл, Түркістан және Маңғыстау облыстарына ерекше назар аударылып, қосымша шаралар қолға алынған.

Жанармай нарығы: Баға қалыптастырудың басты тетігі

Сонымен қатар автокөліктерді заңсыз қайта жабдықтаумен айналысатын, қажетті тіркеу және рұқсат құжаттарынсыз жұмыс істейтін техникалық қызмет көрсету станцияларының қызметін анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«Мысалы, Қордай ауданының Қордай ауылында полиция қызметкерлері мемлекеттік кірістер органдарының өкілдерімен бірлесіп, қосымша жанармай бактарын орнатумен айналысатын 16 техникалық қызмет көрсету станциясын тексерді. Нәтижесінде 6 нысан иесіне қатысты әкімшілік материалдар жинақталды. Соңғы бір айдың өзінде полицейлер 12 тонна жанар-жағармайды заңсыз әкетудің жолын кесті. Қайта жабдықталған жанармай бактары бар 54 автокөлік анықталып, олардың иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылды», делінген хабарламада.

Мұнай өнімдері мен жанар-жағармайдың ел аумағынан заңсыз шығарылуына жол бермеу жұмыстары Ішкі істер министрінің тұрақты бақылауында тұр.

Еске салайық, бұған дейін шекарада 60 млн теңгенің жанар-жағармайының заңсыз тасымалының жолы кесілгені туралы хабарлаған едік.

Соңғы жаңалықтар