Қазақстан мектептерінде бірқатар оқулық жаңартылады. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары − Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Министрдің айтуынша, қолданыстағы оқулықтардан 700-ден астам түрлі сипаттағы қателер мен ескертпелер анықталған. Анықталған кемшіліктер қатарында техникалық және стильдік қателер, деректік дәлсіздіктер, мазмұнға сәйкес келмейтін иллюстрациялар, оқу бағдарламасына үйлеспейтін материалдар, сондай-ақ ескірген әдіс-тәсілдер мен тұжырымдамалар бар.
Бұдан бөлек, ұлттық мазмұнға бейімделмеген материалдардың пайдаланылуы, математика пәніндегі қате анықтамалар мен тарихи оқиғаларға қатысты жаңсақ пікірлер мамандардың алаңдаушылығын тудырған.
Министрдің мәліметінше, кейбір оқулықтар белгіленген мерзімде жаңартылмай, тоғыз жылға дейін мазмұндық өзгеріссіз қолданылған.
«Осыған байланысты Оқу-ағарту министрлігі оқулықтарды кезең-кезеңімен жаңартуды жоспарлап отыр. Жоспарға сәйкес, 2026 жылғы 30 тамызға дейін 3 және 7-сыныптардың, 2027 жылғы 1 қаңтарға дейін 4 және 9-сыныптардың, ал 2027 жылғы 1 сәуірге дейін 8-сыныптың оқулықтары жаңартылады», деді Аида Балаева.
Оқулық мазмұнына кім жауапты?
Еске сала кетейік, бұған дейін Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова елімізде мектеп оқулықтарын жаңарту жұмысы жүйелі түрде жалғасатынын айтқан болатын.