• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Саясат Бүгін, 07:40

Абай сыйлығы: іріктеу басталды

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен 2026 жылғы Қазақстан Респуб­лика­сының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы өтті.

Комиссия мүшелері әдебиет және өнер салалары бойынша Мемлекеттік сыйлыққа ұсынылған 32 жұмысты қарады.

Құрамына еліміздің зиялы қауым өкілдері енген комиссия мүшелері Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның биылғы Мемлекеттік сыйлыққа түскен жұмыстар туралы ақпаратын тыңдады.

Дауыс беру қорытындысында Комиссия конкурстық іріктеудің келесі кезеңіне өткен үміткерлерді анықтады.

Соңғы жаңалықтар