• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Спорт Бүгін, 02:10

Бельгия мен Мысыр тең тарқасты

Футболдан әлем чемпионатының G тобындағы 1-тур аясында өткен Бельгия мен Мысыр  құрамасы арасындағы ойын 1:1 есебімен аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz

Кездесу АҚШ-тың Сиэтл қаласындағы Lumen Field стадионында өтті. Ойынға бразилиялық Рамон Абатти бас төрелік жасады.

Кездесудің 20-минутында Эмам Ашур есеп ашып, Мысыр құрамасын алға шығарды. Алайда 66-минутта Мохамед Хани өз қақпасына өзі гол соғып алып, таразы басын теңестіріп берді. Осылайша автогол мысырлықтарды жеңістен айырды. Кездесу соңына дейін таблоға өзгеріс енген жоқ. Қорытынды есеп 1-1.

Осы нәтижеден кейін Бельгия мен Мысыр құрамалары бір-бір ұпайдан еншіледі.

Соңғы жаңалықтар