Фото: Көлік министрлігі
Жаңа роботакси қызметі бастапқы кезеңде пилоттық режимде іске қосылады. Жоба қаладағы нақты жағдайларды ескере отырып кезең-кезеңімен кеңейтіледі. Сонымен қатар жүйеде тәулік бойы диспетчерлік байланыс және сапарларды сақтандыру қарастырылған.
Пилотсыз көлік жасанды интеллектке негізделген автономды басқару жүйесімен жабдықталған. Ол жол жағдайын үздіксіз бақылап, қауіпсіз әрекет ету сценарийлерін қолданады.
Бүгінде елімізде роботаксилерді заңдастыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Көлік министрлігі пилотсыз көліктерді пайдалану ережелерін айқындайтын түзетулер әзірлеп жатқандығын мәлімдеді.
Роботакси жобалары үшін Алматы мен Астана қалалары негізгі сынақ алаңдары ретінде қарастырылып отыр.
Еске сала кетейік, бұған дейін Алматы аспанында аэротаксилер сынақтап өтіп жатқандығын жазған болатынбыз. Бұдан бөлек, енді елімізден Токио мен Нью-Йоркке жаңа рейстер қатынамақ.