Оқиға • Кеше

Алматы облысында ағаштарды кесу кезінде екі жұмысшы жарақат алды

1 мин
оқу үшін

Алматы облысында ағаштарды санитарлық мақсатта кесу кезінде 2 жұмысшы жарақат алды. Автокөтергіш құрылғысы кенеттен төмен құлаған кезде олар себеттің ішінде болған, деп жазады Egemen.kz.

Алматы облысында ағаштарды кесу кезінде екі жұмысшы жарақат алды

Фото: Depositphotos.com

Іле ауданы әкімдігі мәлімдегендей, гидравликалық жабдықта техникалық ақау туындаған.

«Аталған ақау салдарынан ішінде жұмысшылары бар себет шамамен 3-4 метр биіктіктен күрт төмен түсті. Мердігер ұйымның 2 қызметкері жарақат алды», деп мәлімдеді аталған әкімдік.

Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді. Олардың қандай жарақат алғаны әзірге белгісіз.

Ақмола облысындағы сүт зауытында жарылыс болды: 2 жұмысшы зардап шекті

Әкімдік өкілдерінің айтуынша, мердігер ұйымға қауіпсіздік талаптарын сақтау қажеттігі алдын ала ескертілген. Ұйым зардап шеккендерге жан-жақты көмек көрсетіп жатыр.

Құзырлы органдар тарапынан болған оқиғаның себептері анықталады.

Бұған дейін Павлодар алюминий зауытында төтенше жағдай болып, 2 жұмысшы зардап шеккені туралы айтылған еді.

Соңғы жаңалықтар