Спорт • Бүгін, 18:59

Бернарду Силва ресми түрде «Реал Мадридке» ауысты

1 мин
оқу үшін

Мадридтік «Реал» португалиялық жартылай қорғаушы Бернарду Силвaмен келісімшартқа қол қойғанын ресми түрде жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz

Бернарду Силва ресми түрде «Реал Мадридке» ауысты

Тараптар арасындағы келісім 2028 жылдың жазына дейін жасалған. 31 жастағы футболшы «Реал» сапына еркін агент мәртебесінде қосылып, мадридтік клубқа тегін ауысты.

Бернарду Силва соңғы жылдары Еуропадағы ең тұрақты әрі тәжірибелі жартылай қорғаушылардың бірі ретінде танылды. Оның трансферіне бірнеше ірі клуб қызығушылық танытқан болатын.

«Ордабасы» футбол клубы 156,9 млн теңгеге сатылды

БАҚ мәліметінше, португалиялық ойыншыны өз қатарына қосуды «Барселона» мен «Атлетико» да қалаған. Алайда футболшы таңдауды «Реал» пайдасына шешті.

Жаңа маусымда Бернарду Силва мадридтік клубтың жартылай қорғаныс шебін күшейтіп, команданың басты мақсаттарына жетуіне көмектесуге тырысады.

Соңғы жаңалықтар