Еуропаның ірі қалаларымен иық теңестіре бастады
Былтыр қаланың экономикасына тартылған инвестициялардың жыл сайынғы өсімі 397 миллиард теңгеден 773 миллиард теңгеге дейін 1,5 есеге артты. Өз кезегінде елорданың халықаралық рейтингісін Ваа3 деңгейіне дейін көтеруге әрі Барселона, Ыстанбұл секілді әлемнің бірқатар қалаларымен теңесуге мүмкіндік берді.
Бұл туралы қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында Астана қаласы әкімінің орынбасары Андрей Лунин мәлімдеді.
– Қаланы дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы жүзеге асырылған бес жылда жалпы өңірлік өнім көлемінің көрсеткіші 2010 жылғы 1 триллион 800 миллиард теңгеден 2015 жылы 4 триллион 600 миллиард теңгеге дейін 1,6 есеге ұлғайды. Өткен жылдың қорытындысы бойынша елордада экономикалық өсімнің оң үрдісі – 106,3 пайыз. Бұл ретте Астананың республиканың ішкі жалпы өнімінің көлеміндегі үлесі 8 пайыздан 11 пайызға дейін өсті. Өнеркәсіптік өндіріс көлемдерінің нақты көрсеткіші 2010 жылмен салыстырғанда 111 миллиард теңгеден 348 миллиард теңгеге дейін, 1,4 есеге артты, – деді Андрей Лунин.
Ол сондай-ақ, Қазақстан астанасының туристер үшін де аса тартымды екенін айтты. Бес жыл ішінде елордаға 3 миллионнан астам қонақ келген. Оның ішінде 650 мыңы – шетелдіктер.
Аян ӘБДУӘЛИ,
«Егемен Қазақстан»

Қазақстанда ауа райының нашарлауына байланысты бірқатар тасжол ертеңге дейін жабылды
Ауа райы • Бүгін, 18:45
Алматыға Шарджадан эвакуациялық рейспен 167 отандасымыз ұшып келді.
Оқиға • Бүгін, 18:25
Үстірт қорығында сирек кездесетін жыртқыш аң көзге түсті
Табиғат • Бүгін, 17:55
Халықтық Конституцияны қолдау коалициясы Ертіс өңірі тұрғындарымен кездесті
Референдум • Бүгін, 17:45
Мәулен Әшімбаев Иран халқына көңіл айтты
Әлем • Бүгін, 17:24
Әзербайжандағы дрондар шабуылынан екі адам зардап шекті
Әлем • Бүгін, 17:08
Премьер-министр Щучинск пен Семейдегі өрттен кейін қауіпсіздікті күшейтуді тапсырды
Үкімет • Бүгін, 16:50
Валюта бағамы өзгерді: Доллар күрт арзандады
Қаржы • Бүгін, 16:48
Иран президенті көрші елдерге үндеу жасады
Әлем • Бүгін, 16:39
Робот Темірбек пен барыс Әділет жастарды жаңа Конституцияны қолдауға шақырды
Ата заң • Бүгін, 16:30
Таяу Шығыс елдерінен бүгінге дейін қанша азамат жеткізілді?
Оқиға • Бүгін, 16:12
Енді азаматтар зейнетақы активтерін интернет-платформа арқылы бақылай алады
Инвестиция • Бүгін, 16:02