«Қоғам өкілдерінің ұсыныстарын тыңдап, оны жүйеге келтіру және бұларды Жер реформасы бойынша республикалық комиссияның қарауына ұсыну» күн тәртібімен өткізілген облыстық қоғамдық кеңестің мәжілісі іскерлік сипат алды. Комиссия төрағасы, облыстық мәслихаттың хатшысы Дулат Нұрмолдин басқосуға барлық аудандардан, қоғамдық ұйымдардан өкілдер шақырылғанын хабарлады.
Жиналғандар алдында қолданыстағы жер заңнамасы мен Президенттің Жер кодексінің кейбір баптарына тоқтам жариялауының мәнісі жөнінде облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Алмагүл Қадырәлина баяндама жасады.
Облыстық мәслихаттың депутаты, республикалық комиссияның мүшесі Нартай Ысқақов бұдан бұрынғы екі мәжілісте көтерілген мәселелер туралы кеңінен әңгімеледі. «Біз комиссия мүшелері мен қоғам өкілдері тарапынан айтылған көптеген ұсыныстарды егежей-тегжейлі қарастырдық, – деді ол. – Бұлардың барлығы Парламент тарапынан қабылданатын келісім шешімдеріне негіз болады. Әркімнің жерге орайлас пікірі мен көзқарастары әрқилы болғанымен, комиссия мүшелерінің барлығы елімізге тұрақтылық пен серпінділік қажеттігіне мүдделі. Облыс жұртшылығы да осы бағыттта ой өрбітіп, бірден-бір дұрыс шешім қабылдауға ұмтылатынына сенімдімін».
«Ақ жол» партиясы облыстық филиалының төрағасы Серік Бейсембаев шекаралық аумақтардағы жерді жалға беруге болмайтындығы жөнінде пікірін айтты. Сондай-ақ, ол шалғай елді мекен тұрғындары жер реформасы мен қазіргі таңда көтеріліп жатқан мәселелер туралы толық хабарсыз. Комиссия мүшелері ауылдарға шығып, түсінік шараларын белсенді жүргізуі тиіс, деді.
Мінберге көтерілген «Қазақ тілі және мәдениеті» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мейрамбек Қиықов ауылдар аумағындағы жерлерді сақтау және жерге қатысты мәселелерде «оралман» сөзін мүлдем қолданбау қажеттігін ортаға салды.
Көкшетау қаласының құрметті азаматтары Қадыржан Әбуов пен Болат Жанәділов, профессор Қасымхан Құсайынов, қоғамдық кеңес мүшесі Болат Жұпыновтар жер қатынастарындағы ұлттық менталитет, жердің нақты қожасы және жердің негізгі инвесторы мемлекет болып қала беретінін атап көрсетті.
Мәжілісте облыс әкімінің бірінші орынбасары Қадырхан Отаров сөз сөйлеп, өңірдегі жерге орналастыру, оның құнарлылық ерекшеліктері және экономикалық айналыстағы маңызы жөнінде түсінік беріп, сұрақтарға жауап қайтарды.
Бақберген АМАЛБЕК,
«Егемен Қазақстан»
Ақмола облысы

Әлем кубогының екінші күні: Алты боксшымыздың екеуі жарыс жолынан шығып қалды
Спорт • Бүгін, 21:52
Жүргізушілерге ескерту: Жаңа камералар қойылатын жолдар белгілі болды
Қоғам • Бүгін, 21:30
Президент Алатау қаласын дамытуға қатысты бірқатар тапсырма берді
Президент • Бүгін, 21:05
Бесінші қабаттан құлап кете жаздаған балалардың ата-анасы құқығынан айырылуы мүмкін
Қоғам • Бүгін, 20:54
«Қайрат» чемпиондар лигасы бәсекесіндегі алғашқы қарсыласын анықтады
Спорт • Бүгін, 20:33
Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
Президент • Бүгін, 20:05
Қостанайда полицейлер мен қамаудағылар мінген автозак аударылды
Қоғам • Бүгін, 19:54
Түркістан облысында пойыз апаты болды: зардап шеккендер бар
Қоғам • Бүгін, 19:41
Щучинскідегі дәмханадағы газ жарылысына қатысты тергеу аяқталды
Қоғам • Бүгін, 19:20
Трамп Ресей мұнайына қарсы санкцияларды қайта енгізуі мүмкін
Әлем • Бүгін, 18:56
Қызылжар мешітіндегі ұрлық: Имам ұры қызды түрмеден құтқарып қалды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 18:34
Трамп пен Зеленский G7 саммитінде кездесті
Әлем • Бүгін, 18:04
35 долларлық кітаптан Альберт Эйнштейннің жазбасы табылды
Әлем • Бүгін, 18:00
Астанада жолаушылар автобусы зейнеткерді қағып кетті
Оқиға • Бүгін, 17:47
Жасанды интеллект жасаған вакцина алғаш рет сынақтан өткізілді
Технология • Бүгін, 17:33