Қазақстанға ең алғаш келген саналы шетелдіктер сапар барысын мүмкіндігінше музейден бастайды. Қазақ деген қандай халық, шығу тегі, ата-бабалары, мәдениеті, салт-дәстүрі, рухани мұраларының бастаулары... Қазақстан экономикасына инвестиция салғысы келген шетелдік алпауытқа осының бәрі керек.
Сондықтан, біреулер ойлайтындай, музей – экспонаттар сақтайтын қойма емес, елдің болашағын көркем ететін инвестициялық мүмкіндіктерге де қызмет жасайды.
Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің Шымкенттегі Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармониясында өткен «Ұлттық музейге сый тарту» республикалық акциясында осындай да ойлар айтылды.
«Ұлттық музейге сый тарту» акциясына Шәмші Қалдаяқов, Файзулла Үрмізов, Генерал Асқаров, Сабыр Рақымов, Әсілхан Оспанұлы, Керімбек Сыздықов, Бекзат Саттарханов сынды ұлтымыздың біртуар перзенттерінің ұрпақтары мен туған-туыстары қатысып, олар қолданған заттар мен бұйымдарды табыс етті.
Сонымен қатар, облыстың Нұрлан Шилібаев, Болатбек Бейсбеков, Күләш Айдарбекова, Айнабек Оспанов, Батухан Байменов, Абдуахат Мұратбаев, Сұлтан Иляев, Арайлым Бейісбек, Мәдина Ахметова секілді талантты өнер суретші-мүсіншілерінің шығармашылық жұмыстары да Ұлттық музейге табысталды.
Елбасының тікелей ұйытқы болуымен ашылған Ұлттық музей бүгінде Эрмитаж, Метрополитен сияқты әлемдік құндылықтармен үзеңгі қағысуға жарап қалды.
Жиында сөз алған Ұлттық музей директоры Дархан Мыңбай қазақ тарихына қатысы бар әр жәдігердің орны бөлек екендігіне тоқталды. Мәселен, ұлы композитор Шәмші Қалдаяқовтың пианиносы әлдебір саяжайда жатқанын естіп, музейге алдыртқан. Бүгінде реставрациядан өтіп жатқан сол пианинода бәлкім, Шәмші ағамыз бүкіл қазақ рухын көтерген «Менің Қазақстаным» әнұранын алғаш орындауы да мүмкін ғой.
– Оңтүстік – құт қонған жер, тарихи табиғи болмысы өзіне жарасатын ел, – деп сөзін сабақтаған Дархан Қамзабекұлы ұлттық мұраларымыздың қайнар көзі негізінен осы құнарлы топырақта екендігіне арнайы тоқталды. Осы Оңтүстіктің ғажайып ұлдарының бірі, мемлекет қайраткері Өзбекәлі Жәнібековтің бастамасымен дүниеге келген Қазақ ұлт аспаптары музейінің әлемде бәсі бөлектігіне тоқталды.
Тарихи жәдігерлер ол тек бір отбасының көз қуанышы болып қана қоймай, тұтас ел тарихына, болашағына қызмет ету керек. «Ұлттық музейге сый тарту» акциясының мәнін мысалдармен дәйектеген Дархан Мыңбайдың сөзін сахнаға шыққан зиялылар да қоштады.
Қасиетті Отырар өлкесінде көзі тірісінде-ақ «музей адам» атанған Асантай Әлімов деген ақсақал өмір сүрген. Сол ағамыздың соңына ерген інісі, бар ғұмырын Отырар жәдігерлерін жинауға жұмсаған Абдулла Жұмашев ағамыз Бауыржан Момышұлының сағатын, досы Исламқұлға жазған хаттары мен сирек қолжазбаларын Ұлттық музейге сыйға тартты.
Сапар барысында Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі Оңтүстік жерінен 300-ге тарта құнды жәдігер алып қайтты.
Бақтияр ТАЙЖАН,
«Егемен Қазақстан»
Оңтүстік Қазақстан облысы

Emirates SkyCargo Алматы мен Дубай арасында жүк рейстерін іске қосты
Экономика • Бүгін, 18:44
Балқаш аспанын жүздеген дрон жарықтандырады: Balkhash Tour Fest-2026 басталды
Қоғам • Бүгін, 18:35
Абай облысындағы бейнекамера жүргізушілерге заңсыз айыппұл тіркеп келген
Заң • Бүгін, 18:06
Мәйіттік донорға мұқтаждар көп
Қоғам • Бүгін, 17:58
«Челси» Дастан Сәтпаевты жалға беруден бас тартуы мүмкін
Футбол • Бүгін, 17:51
Депутат: Су шаруашылығы инфрақұрылымын жаңғыртуға қатысты мәселе көп
Қоғам • Бүгін, 17:35
Қоғам • Бүгін, 17:18
Ақтау әуежайы жаңғыртудан кейін ірі ұшақтарды қабылдайды
Инфрақұрылым • Бүгін, 17:05
1 шілдеден бастап газ бағасы 33%-ға қымбаттайды
Экономика • Бүгін, 16:55
Елордалық полицей 8-қабаттан секірмекші болған әйелді құтқарып қалды
Оқиға • Бүгін, 16:30
Алматыда LRT құрылысына байланысты бір көше уақытша жабылады
Қоғам • Бүгін, 16:17
Алдағы демалыста 41 градусқа дейін ыстық болады
Ауа райы • Бүгін, 16:11
Шахтинскіде екі жұмысшы кәріз шұңқырына құлап кетті
Оқиға • Бүгін, 16:04
Израильде еврейлер әскерге шақыруға қарсы наразылық акциясын өткізді
Әлем • Бүгін, 15:47