Кеше Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен кезекті баспасөз мәслихатында Қазақстан экономикасының жаңа салаларын қалыптастыруда «Инновациялық технологиялар паркі» дербес кластерлік қоры қызметінің үлесі жайында әңгіме қозғалды.
Баспасөз мәслихатына «Инновациялық технологиялар паркі» дербес кластерлік қорының бас директоры Санжар Кеттебеков, құқықтық мәселелер жөніндегі басқарушы директоры Айгерім Каюпова және «McKinsey&Company, Inc. Kazakhstan» филиалының басшысы Юкка Максимайнен қатысты.
«Инновациялық технологиялар паркі» дербес кластерлік қоры өткен жылдың сәуір айында құрылған болатын. Бұл «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының 63-қадамы аясында іске асырылуда. Қазіргі таңда «Инновациялық технологиялар паркі» дербес кластерлік қоры екі ірі жобаны қолға алып отыр. Атап айтқанда, біріншісі – шетелдік үздік бизнес-компаниялармен бірлесіп технологиялық даму орталықтарын іске қосу. Екіншісі – жоғары технологиялық еуразиялық стартап-хаб құруды мақсат еткен «Стартап Қазақстан» бағдарламасын іске асыру.
«Инновациялық технологиялар паркі» ел өндірісінің басым салаларында жоғары технологиялық өндірісті дамыту және әлемдік технологиялық трендтерге сәйкес ұлттық экономиканы әртараптандыру үшін жаңа бағыттарды қалыптастырады. Соған орай елде ашық ғылыми-технологиялық платформа құрады.
«ИТП» ДКҚ коммерциялық емес, дербес ұйым мәртебесіне ие және «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағының басқару органы болып табылады. Бұл, сондай-ақ, Almаty Tech Garden бренді аясында жетекші жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарының және «ИТП» арнайы экономикалық аймағына кіретін компаниялардың ғылыми-техникалық базасын шоғырландырады. Қазіргі уақытта, «ИТП» арнайы экономикалық аймағында 150-ге жуық компания тіркелген, оның ішінде шетелмен серіктес компаниялар да бар.
«Инновациялық технологиялар паркі» негізінен елге инвестиция тарту арқылы инновацияны игеруге үлес қосады. Мәселен, бүгінде онда трансұлттық компаниялармен бірлесе кемінде 50 пайыздық инвестициямен 5 технология орталығын құру қолға алынған. Трансұлттық компаниялар үшін бұл бірінші кезекте дәстүрлі және жаңа бағыттардың негізінде озық технологияларды тарту үшін сынақ алаңы болып табылады» деді Қордың бас директоры С.Кеттебеков.
Брифинг барысында, сонымен қатар, «ИТП» ДКҚ және «McKinsey & Co» компаниясы арасындағы ынтымақтастық аясында тау-кен металлургиялық кешені бойынша Құзырет орталығы құрылатыны айтылды. Ол осы жылдың екінші жартысында Алматы қаласында ашылады деп жоспарланған. Орталық жаңа технологиялар бойынша жылына 1200-ге дейін мамандарды оқытады, сонымен қатар, басқа да технологиялық мүмкіндіктерге арналған алаң болмақ. Сондай-ақ, биыл «Google» компаниясын тарта отырып, автоматтандыру бойынша 4 модульдің бірін іске қосу жоспарланып отыр.
«Инновациялық технологиялар паркі» дербес кластерлік қоры қызметінің екінші бағыты – «Startup Kazakhstan» бағдарламасы Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің инновациялық саясатының бір бөлігі болып табылады. Сонымен қатар, ол Индустрияландыру бағдарламасының екінші бес жылдығы және «Digital Kazakhstan» бағдарламасының аясында жүзеге асырылуда. Бағдарламаның мақсаты – «Жібек жолы» аясында біріккен ЕЭҚ, Каспий бассейні мен Азия елдерінің перспективті нарықтарында жұмыс істей алатын жоғары экспорттық әлеуеті бар жоғары технологиялық компанияларды қалыптастыру, сондай-ақ, үздік инновациялық жобаларды шоғырландыру.
Динара БІТІКОВА,
«Егемен Қазақстан»

Биыл Астанада 24 апатты үй сүріледі
Елорда • Бүгін, 15:15
Конгода Эбола індетінен 232 адам көз жұмды
Әлем • Бүгін, 15:03
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Яков Милатович кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді
Президент • Бүгін, 14:58
Ұлттық банк: Құжаттардағы «тенге» сөзі «теңге» болып өзгертіледі
Теңге • Бүгін, 14:49
Мал ұрлығымен айналысқан 58 қылмыстық топ ұсталды
Қылмыс • Бүгін, 14:36
Кибер-күзетші: Қарағандыда робот-ит сынақтан өтіп жатыр
Digital • Бүгін, 14:21
Астанада «Ойыншықтар хикаясы 5» анимациялық фильмінің жабық көрсетілімі өтті
Қоғам • Бүгін, 13:44
Жанабыловтерден тәркіленген 8 автокөлік сатылымға шығарылды
Оқиға • Бүгін, 13:27
Қазақстан мен Черногория президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Президент • Бүгін, 13:12
Алматыда ер адам 11 қабатты үйдің терезесінен секіріп, көз жұмды
Оқиға • Бүгін, 12:56
Димаш Құдайберген «Алтын белгі» иегеріне ерекше сыйлық жасады
Білім • Бүгін, 12:43
Қазақстандағы орташа жалақы деңгейі қандай?
Қаржы • Бүгін, 12:32
Мемлекет басшысы Черногория президентін қарсы алды
Президент • Бүгін, 12:28
Шығыс Қазақстанда танысын 3 жыл бойы бопсалаған күдікті ұсталды
Оқиға • Бүгін, 12:17