29 Маусым, 2016

Оқыған өңірде тұрақтап қала ма?

315 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Мәңгілік Ел жастары – индус­трия­ға» атты мемлекеттік бағдарламасы аясында «Серпін-2050» әлеуметтік жобасы Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мем­лекеттік университетінде толыққанды жүзеге асырылу үстінде. «Мәңгілік Ел» мақ­сат­тарымен байланыстырылған жоба оңтүстік облыстар жастарының еліміз­дің солтүстік, батыс және шығыс аймақ­тарында білім алуына мүмкіндік береді. Жобаның мақсаты – еңбек нарығында талап етіле­тін маман­дықтар бойынша білім кеңіс­тігін кеңейтуге, респуб­лика­ның солтүстік және орталық өңір­лерінде ашылып жатқан мүм­кін­діктерді ескере отырып, оңтайлы көші-қон үдерісін үйлестіруге, студенттердің таңдаған маман­дық­тарына деген ынтасын ар­т­тыруға және олардың еңбек және жұмыспен қамту саласында шарттар жасасуына жол ашу. – Университетімізде «Сер­пін-2050» әлеуметтік жобасын қолдау мақсатында оқытушылар ара­сында арнайы штаб құрылған, – дейді ректордың тәрбие ісі жөнін­дегі орынбасары Аманай Сейіт­қ­асымов. – Оның мүшелері бес облысқа бөлініп, оқуға түсетін талапкерлермен нақты жұмыстар жүргізді. Соның нәтижесінде бүгін­гі күні Ш.Уәлиханов атын­дағы КМУ-де былтырғы жылмен қосқанда «Серпін-2050» әлеу­меттік жобасы бойынша Оң­түс­тік Қазақстан, Қызылорда, Жам­­был, Алматы, Маңғыстау облыс­­тарының 515 талапкері оқу ордамызда педагогикалық, тех­никалық, ауылшаруашылық мамандықтары бойынша білім алуда. Биыл 377 студент бірінші курсты ойдағыдай аяқтады. Әңгіме барысында, университетте «Серпін-2050» грант иегер­­лерінің штабы құрылып, оның төрағалығына аталған жоба түлегі, жаратылыстану ғылым­дары факультетінің 2-курс сту­денті Керімбек Бексұлтанның сай­ланғанын білдік. Бұл өзін өзі басқару қағидаттарына құрылған өте жақсы шешім. Өйткені, мұның астарында көптеген мәселелер қарастырылған. Мәселен, бұл күні кеше мектеп бітіріп, туған елінен ұзап шықпаған балалардың жарасымды қауымдастығын, жергілікті түсінік-танымдардың жылдам қалыптасуын қамтамасыз ететіні анық. Сонымен бірге, «Серпін» штабына университеттің бас ғимаратынан арнайы кабинет бөлініп, талапқа сай жабдықталғаны да құптарлық. Білім ордасының басшысы серпіндіктермен жиі-жиі кездесу өткізіп, емен-жарқын әңгіме өрбитіні тәрбие тәлімінің баяндылығын байқатады. Тағы бір айта кетерлігі, университет бас­шылығы былтырғы оқу жылы­­ның басында барлық жатақ­ханаларда тұратын 900 студен­тке дастарқан жайып, дәм бергенін қала жұрт­шылығы жақ­сы дәстүрдің бас­тамасындай қабылдағаны есімізде. Қазіргі уақытта бұл штабтың мүшелері университеттің қоғам­дық жұмыстарын үйлестіруге сеп­тесуде. Бүгінгі күні барлық грант иегерлері жатақханамен қам­та­масыз етіліп, оларға қажетті тұр­мыстық жағдайлар жасалған. Білім ордасында ән-би, домбыра, шахмат, жас таланттар, көр­­кем­өнерпаздар үйірмелері, «Жауқазын» театры жұмыс істейді. Сонымен бірге, КМУ-де сту­денттік деканат, «Жастар» педа­гогикалық отря­ды, студенттер кеңесі де өне­­гелі қырларымен танылуда. «Сер­пін-2050» әлеу­меттік жобасы бо­йын­­ша оқуға түскен студенттер атал­ған ұйым­дар­дың негізгі құра­мы­ның мүше­лері. Яғни, шығар­ма­шы­лық үйірмелеріне 115, спорт жа­ғы­на 144 студент қатысады екен. Мұнда жас ақындар мен тіл­ші­лер клубы құрылғанын да біле­­міз. Бұлардың қатарындағы балауса жыр мүшәйраларына қаты­сып, қалалық, облыстық, рес­пуб­ликалық байқаулардың жеңім­паз­дары атанды. Әсіресе, талан­ты­мен тәнті етіп жүрген Күләш Нысанбек Л.Н.Гумилев атын­дағы ЕҰУ ұйымдастыруымен өткен Мұқағали Мақатаевқа ар­нал­ған «Жазба ақындар мүшәй­расында» бас жүлдені, Түркі­стан қаласындағы Ғани Мұрат­баевтың 100 жылдығына арналған «Жалындап өткен жас ғұмыр» атты республикалық жыр мүшәй­ра­сында ІІІ орынды, Ақмола об­лыстық «Студенттік көктем» фес­тивалі мен «Мәңгілік Ел – мәр­тебелі тіл» атты ақындар мүшәй­ра­сында ІІІ орынды иемденуін үлкен жетістік деп бағалаймыз. Сондай-ақ, Керімбек Бексұл­тан­­ның Көкшетау қалалық «Кө­ңіл­ділер мен тапқыр­лар» бай­қауын­да І орынды жеңіп алға­нын, Назер­ке Жақсы­лықова­ның қалалық «Наурыз аруы» байқауында ІІІ орын­ды иемде­ніп, «Күз аруы» бай­қауында топ жарғанын бөлек­теп айтуға болады. Ал, «Күз аруы-2015» бай­қауына қатысқан филология факультетінің 1 курс студент­тері Қараман Ардақ ІІ орын, Қал­қаман Айнұр ІІІ орындарды еншіледі. Осы орайда, Жоламан Ұлықбек «Қазақ күресінен» республикалық, қалалық көптеген турнирлердің жеңімпазы атанып жүрген Жоламан Ұлықбектің атына жылы лебіздер білдіргіміз келеді. Бүгінгі күні «Серпін-2050» әлеу­меттік жобасы бойынша оқуға түскен студенттер универ­ситет­тегі және қалалық, облыстық, рес­публикалық деңгейде өткізілетін барлық іс-шараларға белсенді түрде қатысуда. Солардың бір­азын санамалап өтсек дейміз. Серпіндіктер­дің ұйым­дас­тыруы­­мен №1 және «Ара­с­ан» жа­тақ­­­ханасында «Біз жалын­ды жас­­тар­мыз» атты мәдени кеш өт­кізді. Қалалық «Денсаулық фе­с­ти­­валіне» бес факультеттен 1000-ға жуық студент қатысты. Соның тең жартысынан көбі – сер­піндіктер. Өздері шептік қам­қор­лыққа алған Бұқпа тауының бөк­терін көкорайға бөлеудегі бел­сен­ділігі үшін қала әкімінің Ал­ғыс хатымен марапатталғандар да солар. «Жастардың жеті қазы­насы» форумында, «Шоқан жұл­дыз­дары» фестивалінде жарқы­рай көрінгендердің ішінде де сер­піндіктер бар. Әртүрлі интеллектуалдық, спорт­тық жарыстарда Көкшедегі жетекші білім ордасының беделін көтеріп жүргендердің арасынан серпіндіктерді көбірек көре бас­тауымыз да ғанибет. Мәселен, 2015 жылдың 29 қыркүйегінде Ас­тана қаласында өткен Серпін сар­дарларының слетіне Керімбек Бексұлтан қатысып, Ақмола облы­сының Серпін сардары атанып қайтты. Биылғы жылғы 1 курс сту­денттері арасынан «Жалын» қо­ғам­­­­дық ұйымы құрылып, қайы­­рым­дылық шаралар ұйым­дас­тырылуда. Нақтылай кетсек, қала­дағы соғыс және тыл арда­гер­лерінің үйлеріне барып үлкен қайырымдылық көмектер жасалды. Сонымен бірге, мүмкіндігі шек­теулі балалар үй­лерінде де кон­церттер қойыл­ды. Студенттер ара­сындағы ай­мақ­тық «Аламан» бәй­гесін ұйым­дас­тырушылар қата­рында да сер­пінділіктер ай­рық­ша белсенділік танытқаны айтылуда. Өткен жылдың соңында «Өр­леу» біліктілікті арттыру Ұлт­т­ық орталығы» акционерлік қо­ға­мы директорлар кеңесінің мү­шелері, «Мәңгілік Ел жастары – индустрияға» республикалық жобасы үйлестіру кеңесінің төрағасы Мұрат Әбенов арнайы келіп, сер­пін­діктермен кездесу өткізуі әлеуметтік жобаның әлеуетті екен­дігін айғақтайды. Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақ­стан Тәуелсіздігінің тұғырлы болып, Қазақ елінің өркендеуі жас­тар­дың қолында екендігін алға тарт­қанда, аталы сөзін серпін­дік­­терге де қаратып айтқаны бел­­гілі. Қоғамымызда ғылыми жас­­­тар элитасы шоғырланса, елі­­міз дамыған 30 мемлекеттің қа­тары­на қосылатындығы айқын. Хал­­қы­мыздың ұлық мұратына Ш.Уәли­­ханов атындағы Көкшетау мем­ле­кет­тік университетінде білім алып жатқан студенттер де өзіндік үлес қосатынына сенгіміз келеді. Бақберген АМАЛБЕК, «Егемен Қазақстан» Ақмола облысы