29 Маусым, 2016

Мехикода да елшілігіміз бар

242 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстанның әлем елдерімен ынтымақтастығы уақыт өткен сайын арта түсіп келеді. Осы сөзіміздің дәлеліндей, жақында алыстағы Мехикода да Қазақстан Республикасының Мексикадағы елшілігінің салтанатты ашылу рәсімі болды. Рәсімге қазақ диаспорасының өкілдері, сыртқы саясат ведомствосының басшылығы, мемлекеттік органдардың, Парламенттің, дипломатиялық корпустың өкілдері, Латын Америкасы мен Кариб бассейнінде ядролық қаруға тыйым салу жөніндегі агенттіктің басшылығы, бизнес өкілдері қатысты. Мексика сыртқы істер министрінің орынбасары Карлос Альберто де Иказа мен ОПАНАЛ-дың бас хатшысы Лиус Филипе де Маседо Суареш қабылдаудың құрметті қонақтары болды. Қазақстанның Мексикадағы елшісі Андриан Елемесов елі­міз­дің соңғы жылдары қол жет­­кіз­ген жетістіктері тура­лы әңгі­мелеп, Қазақстан мен Мек­­си­­к­а­­ның екіжақты ынты­­мақ­­тас­ты­ғының қазіргі жағ­дайы мен перспективалары туралы егжей-тегжейлі ақпарат берді. Карлос Альберто де Иказа дипло­ма­тиялық өкілдікті Мексика үкіметінің атынан құттықтап, Қазақстан басшы­лығының Мехикода өзінің елшілігін ашу туралы саяси шешімінің маңызы мен мәні жоғары екенін атап өтті. Ол әлемдік күн тәртібінің көптеген бағыты бойынша екіжақты саяси үнқатысуды нығайтудың маңызы зор екеніне тоқтала келіп, екі елдің сыртқы саяси бағыттарының ұқсас екендігіне жиналғандардың назарын аударды. «Егемен-ақпарат»