телімінің алғашқы кезегі ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы қарсаңында ашылады
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшысы Асқар Мамин Алматы облысына жұмыс сапары барысында Алматы-1 – Шу екінші қатарлы теміржол салу жұмыстары қалай жүріп жатқанымен танысты.
Аталған жобаны компания «Нұрлы Жол» бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырып жатыр. Алматы-1 – Шу телімінің екінші қатарын іске қосу Парсы шығанағы елдері, Еуропа және Түркия бағыттарында транзиттік вагон ағынын арттыруда үлкен маңызға ие. Алматы-1 – Шу телімінде екінші қатарлы жол құрылысы пойыздар қозғалысын ұйымдастыру, тасымал үдерісінің тиімділігін арттыру жұмыстарында «тар» жерлерді жою үшін аса қажет болып табылады. Өйткені, аталған теліммен жүретін пойыздар қозғалысы жиілігімен ерекшеленеді. Ал бұл нысанның еліміздегі аса маңызды магистральдің өткізу қабілетін арттыруда рөлі аса жоғары.
Құрылысты жүргізіп жатқандармен өткізілген кеңес кезінде компания басшысы нысанның стратегиялық маңызы жоғары екенін атап өтті. Осы орайда құрылыс жұмыстарының шешуші кезеңге аяқ басқанын айта кеткен жөн.
«Бұл желіге жүктеме айтарлықтай артады, яғни жаңа маршруттар қосылады, жолаушылар пойызы қозғалысының жиілігі көбейеді. Әсіресе, жүрдек «Тұлпар-Тальго» пойыздарының қозғалысы жиілейді», – деді компания басшысы. Ол, сондай-ақ, күн сайын осы магистральмен 6-7 контейнерлік құрамалар өтетінін де көлденең тартты.
Қазіргі кезде екінші қатарлы жолға қажетті көпірлер, су өткізетін құбырлар, байланыс және энергетика нысандарын салу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Сөз орайында екінші қатарлы жол төселіміне Ақтөбедегі зауытта шығарылатын рельстер пайдаланылып жатқанын да айта кеткен абзал.
Жобаға сәйкес, 110 шақырымға созылатын екінші қатарлы жол құрылысының алғашқы 58,2 шақырымдық бөлігін үстіміздегі жылдың қараша айында пайдалануға беру жоспарланған. Бұл – «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-тың ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына арнайы сыйы болмақ.
«Егемен-ақпарат»

Трамп Ресей мұнайына қарсы санкцияларды қайта енгізуі мүмкін
Әлем • Бүгін, 18:56
Қызылжар мешітіндегі ұрлық: Имам ұры қызды түрмеден құтқарып қалды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 18:34
Трамп пен Зеленский G7 саммитінде кездесті
Әлем • Бүгін, 18:04
35 долларлық кітаптан Альберт Эйнштейннің жазбасы табылды
Әлем • Бүгін, 18:00
Астанада жолаушылар автобусы зейнеткерді қағып кетті
Оқиға • Бүгін, 17:47
Жасанды интеллект жасаған вакцина алғаш рет сынақтан өткізілді
Технология • Бүгін, 17:33
Алматы хайуанаттар бағына АҚШ-тан канадалық сілеусіндер әкелінді
Жануарлар • Бүгін, 16:46
Коммуналдық төлемді қалай аз төлеуге болады?
Қоғам • Бүгін, 16:38
Ақмола облысында жантүршігерлік жол апаты болды: 2 адам қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 16:25
Қытайда магнитудасы 6,3 болатын жер сілкінісі тіркелді
Әлем • Бүгін, 16:22
Павлодарда фитнес-клубта қуаттағыш құрылғы жарылып, блогер ауыр жарақат алды
Оқиға • Бүгін, 16:14
«Қазақстан темір жолы» акциялары IPO-ға шығарылады
Қаржы • Бүгін, 15:57