Парламент Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Икрам Адырбеков Шарль де Голль қорының президенті Жак Годфренмен кездесті, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының баспасөз қызметі.
Кездесу барысында Қазақстан-Франция ынтымақтастығының мәселелері талқыланды. Тараптар парламентаралық байланыстарды тереңдету екі ел халықтарының арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға ықпал ететінін атап өтті. «Сенат пен Франция Ұлттық Жиналысында парламентаралық достық тобы құрылғаннан бері 20 жыл ішінде жүйелі түрде парламенттік сапар алмасулар болып тұрды», – деді И.Адырбеков.
Сенат комитетінің төрағасы экономикалық саладағы екіжақты қарым-қатынастар туралы айта келіп, Қазақстандағы шетелдік инвесторлардың еңбек жағдайларын жақсарту мақсатында жаңа ынталандыру шараларының топтамасы қабылданғаны жайында хабардар етті. 2005 жылдан бастап, біздің елімізде француз инвестициясының көлемі 12 миллиард доллардан асты, Франция азаматтарының Қазақстанға визасыз тәртіппен келіп-кету мүмкіндігі келесі жылдың соңына дейін ұзартылды, деді комитет төрағасы.
Кездесуге сенатор Мұхтар Алтынбаев та қатысты.

Қазақстан мен Иран көлік дәліздерін дамыту туралы келісімге келді
Экономика • Кеше
Президент Алатау қаласын дамытуға қатысты бірқатар тапсырма берді
Президент • Кеше
Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
Президент • Кеше
Қызылжар мешітіндегі ұрлық: Имам ұры қызды түрмеден құтқарып қалды
Заң мен Тәртіп • Кеше
Трамп пен Зеленский G7 саммитінде кездесті
Әлем • Кеше