30 Маусым, 2016

Телефон арқылы сөйлесті

239 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
1311350790_ak_orda_e56vuyb56b7Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Пре­зиденті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі. Әңгіме барысында Түркия Президенті Елбасын 28 маусымда Нью-Йоркте өткен БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне сайлаудағы Қазақстанның айқын жеңісімен құттықтады. Мемлекет басшысы Ыс­тан­бұл қаласы әуежайындағы тер­рористік акт салдарынан қаза болғандардың туыстары мен жақындарына шын ниетпен көңіл айтты. Нұрсұлтан Назарбаев әлемдік қауіпсіздікке қатер төндіретін халықаралық терроризм мен экстремизм әрекеттерін Қазақстан қатаң айыптайтынын атап өтті. Р.Ердоған Түркия мен Ресей арасындағы барлық қарым-қатынасты реттеуге бағытталған баға жетпес үлесі мен зор еңбегі үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс білдірді. Түрік көшбасшысы Елбасына Ресей Федерациясының Прези­денті В.Путинмен телефон арқылы сөйлескенін айтты және Анкара мен Мәскеу арасын жақындату тұрғысынан көзделген қадамдар жүзеге асады деп үміттенетінін жеткізді. Р.Т.Ердоған Қазақстан Прези­дентін жуық арада Түркияға сапармен келуге шақырды. Телефон арқылы сөйлесуге түрік жағы бастамашы болды.