30 Маусым, 2016

«Анаға апарар жол»

888 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
29-06-2016 Анаға апарар жолфильмінің тұсаукесері Мәскеуде өтті Белгілі режиссер, кинематограф Ақан Сатаевтың «Анаға апарар жол» фильмінің тұсау­кесері Ресей астанасында өтті. Жаңа туынды 1930 жылдан бас­тап бүгінге дейінгі ара­лықты қамтиды. Халықтың көр­ген қи­ыншылықтары, сол кезең­дегі аштық, қуғын-сүргін, соғыс жылдары, соғыстан кейінгі елдің нашар тұрмысы – бәрі-бәрі фильм сценарийіне арқау болған. Тағ­дыр­дың жазуымен бір-бірінен ажырап қалған ана мен баланың жылдар бойғы сағынышы, бастарына түскен қиындықтарды еңсеріп, қайта қауышқан сәттері көрермендерді еріксіз жылатты. Драмаға толы фильмнің түсі­рілім жұмыстары Қазақстанда, Әзербайжанда, Беларусьте өткен. – Алты ай уақытымызды сарп еттік. Күн демей, түн демей, қолы­мыздан келгеннің бәрін жаса­дық. Аталарымыздың бастан кеш­кен қиындықтарын барынша шынайы жеткізуге тырыстық, – деді басты рөлді сомдаған Әділ Ахметов. Бұл – алғашқы ашық көрсе­тілім. Тұсаукесерге келгендердің көңілінен шыққаны айдан анық. «Асқан шеберлікпен түсірілген. Соғыс жүріп жатқан тұстары мен киноның ауқымдылығы таңғал­дырды», деген жылы лебіз­дерін білдіріп жатты киносыншылар. – Маған қатты ұнады. Фильм аяқталар тұста көзімнен жас ағып кеткенін байқамай қалдым. Актерлердің, операторлардың жұ­мысы тіптен ерекше, – деді актер Иван Николаев. Аян ӘБДУӘЛИ, «Егемен Қазақстан»