30 Маусым, 2016

20 күн ішінде 5 мыңнан аса билет сатылған

261 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» Келер жылы Астана қаласында өтетін халықаралық «ЭКСПО»  көрмесіне билет сату қызу қарқын алды.  Бас-аяғы 20 күннің  ішінде бес мыңнан аса билет сатылды. Бұл туралы кеше «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Ербол Шорманов мәлім етті. «Өздеріңіз  білетіндей, 10 мау­сымнан бастап көрмеге онлайн-билет­­тер сатыла бастады. Жиырма күн ішінде 5204 билет сатылса, оның 10 пайызын шетел азаматтары сатып алған», – деп хабарлады Е.Шорманов. Оның мәлімдеуінше, турис­тік агент­тіктер де көрменің би­лет­терін жапа-тармағай сатып алып жа­тқан көрінеді. «Туристік саланың субъектілері зор қызығу­шы­лық танытып отыр, сол промо-кезең басталған 10 маусымнан бері туристік операторлар мен ресел­лерлер 200 мыңнан аса билет сатып алған», – деп хабарлады Е.Шорманов.  «Егемен-ақпарат»