30 Маусым, 2016

«ЦЕСНАБАНК» АҚ-тың БАС КРЕДИТТІК КЕЛІСІМ ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ШАРТТАРЫНЫҢ ҮЛГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ

339 рет
көрсетілді
39 мин
оқу үшін
1. Жалпы ережелер 1.1. Осы Үлгі ережелер (бұдан әрі – Үлгі ережелер) Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 388-бабына сәйкес «Цеснабанк» АҚ Қаржыландыру желісін белгілейтін, Жеке тұлға, соның ішінде заңды тұлғаны құрмай кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалар (бұдан әрі – ЖК), заңды тұлғалар құралдарын оларға сәйкес белгілейтін бас кредиттік келісімнің (бұдан әрі – БКК) және Қаржыландыру шарттарының (бұдан әрі – Банк) үлгі ережелері болып табылады. Осы Үлгі ережелердегі жеке тұлғалар, ЖК, заңды тұлғалар бұдан әрі «Клиенттер», ал жеке «Клиент» деп аталады, Клиент пен Банк бірге «Тараптар», ал жеке «Тарап» деп аталады. 1.2. Үлгі ережелері толық немесе оның жеке бөлік­тері оларға қатысты қолданылмайтыны БКК және/немесе Қаржыландыру шартында қарас­тырылған жағдайларды қоспағанда Үлгі ережелері Қаржыландыру шартына және/немесе БКК-ға қатысты қолданылады және Қаржыландыру шарты және/немесе БКК-мен бірыңғай болып табылады. 1.3. Құралдарды ұсынудың Жеке шарттары Клиент пен Банк арасында қол қойылатын Қаржыландыру шарты және/немесе БКК-да анықталады. 1.4. БКК және/немесе Қаржыландыру шартында Үлгі ережелерінде қарастырылған қосымша шарттар/ережелер/құқықтар мен міндеттер болуы мүмкін. Тек Клиентке қатысты қолданылатын ереже­лерді қоспағанда Үлгі ережелерінде көрсетілген Клиентке қатысты барлық ережелер Бірлесіп қарыз алушы, Борышкер, Кепілгер, Кепілдік берушілерге тең дәрежеде қатысты болады. 1.5. Қаржыландыру шартында және/немесе БКК-да Үлгі ережелерінің ережесінен айыр­машылығы бар ережелер белгіленген жағдайда Қаржыландыру шарты және/немесе БКК ережелері басымдыққа ие болады. 2. Терминдер мен анықтамалар 2.1. Қаржыландыру шартында және/немесе БКК-да және/немесе Үлгі ережелерінде басқасы тікелей айтылмаған жағдайда бас әріптен жазылып, Қаржыландыру шартында және/немесе БКК-да, Үлгі ережелерінде қолданылатын терминдер мен анықтамалар келесі мағынаға ие: Бенефициар – пайдасына банктік кепілдік немесе банктік кепілгерлік берілген тұлға. Жаңартылу – БКК қолданысының толық мерзімі немесе БКК-да белгіленген қол­жетімділік мерзімі бойы Құралдарды беру жә­не өтеу жүргі­зілетін Берешек лимиті. Бұндай кезде Құрал­дардың өтелетін бөлігі қаржы­ландыру желісі бойынша қолданылмаған лимитті ұлғайтады. Қаржыландыру желісінің жаңартылу шарттары БКК-да анықталады. Кепілгер – ұсынылған кепілдіктің күшімен Банк алдында Клиенттің міндеттемелерді орындауы үшін Клиентпен ортақ толық немесе ішінара жауап беруге міндеттенетін тұлға. Іскери қатынастар – Банктің банктік қызметін жүзеге асыру процесінде туындайтын Клиент пен Банк арасындағы қатынастар. Дефолт – осы Үлгі ережелерінің 11-бабында көрсетілген Тараптардың еркінен тыс жағдайларға байланысты туындаған фактілердің басталуы. Қаржыландыру шарттары – банктік қарыз шарты, банктік кепілдікті беру шарты және Тараптар арасында жасалатын, Құралдарды алу шарттарын нақтылайтын (белгілейтін) басқа шарттар (мәмілелер) немесе БКК ажырамас бөлігі болып табылатын Құралдарды алу өтініші. Борышкерлер – Келісім шеңберінде Құрал­дарды алу немесе алмауына қарамастан БКК Қосымшасына қол қою немесе БКК-ға қосымша келісім жасасу арқылы Клиент үшін БКК бойын­ша Банк алдында ортақ тәртіпте жауап беру міндеттемесін өзіне алған заңды тұлғалар. Бұндай кезде БКК шеңберінде Құралдар заңды тұлғалар-компаниялар тобына берілетін жағдайда БКК бойынша Борышкерлерді Банктің уәкілетті органы анықтайды. Үлгі ережелерінде көрсетілген Клиентке қатыс­ты ережелердің барлығы Борышкер БКК Қосым­шасына немесе БКК қосымша келісіміне қол қойған жағдайда борышкерге де қатысты болады. Берешек – Қаржыландыру шарттары және/немесе БКК-ның талаптарына сәйкес белгілі бір күнге Клиент Банкке төлеуі тиіс, Клиент жасалған мәмілелер бойынша алған транш­тар сомасы (соның ішінде Банк үшінші тұлғалар пайдасына берген, Клиент өтемеген (қайтармаған) кепілдіктер, аккредитивтер сомалары, сондай-ақ бенефициар талабы бойынша Банк соманы төлеу-төлемеуіне қарамастан өзге сомалар (сыйақы, тұрақсыздық төлемі, комиссиялар және т.б.). Мәтін бойынша «Берешек» ұғымы жекелеген Қаржыландыру шарты бойын­ша берешек сомасын білдіруі мүмкін. Кепілзат беруші – БКК және/немесе Қар­жыландыру шарты бойынша өз міндеттемелерін қамтамасыз етуге мүлікті ұсынған Клиент немесе Клиенттің БКК және/немесе Қаржыландыру шарты бойынша міндеттемелерін орындауды қамтамасыз етуге мүлікті ұсынған үшінші тұлға. Құралдар – банктік қарыз, банктік кепілдік, аккредитив, банктік кепілгерлік және қаржы құралдарының немесе кредит беру формаларының өзге түрлері. Кросс-дефолт – Қаржыландыру шарттары және/немесе БКК бойынша Дефолт болу мүмкіндігін болжауға негіз беретін және Банкке Дефолт жария­лауға мүмкіндік беретін кез келген келісім, Қаржыландыру шарттары және/немесе БКК бойынша Клиенттің Банк алдындағы және/немесе кез келген үшінші тұлғалар алдындағы, соның ішінде Клиентпен байланысы бар үшінші тұлғалардың (соның ішінде келесілер, бірақ бұлармен шектелмей акционерлер (қатысушылар), атқарушы орган немесе Клиент сенімхат бойынша уәкілетті еткен өзге тұлғаның) Банк алдындағы кез келген өзге міндеттемелерді орындамау және/немесе тиісті түрде орындамау жағдайлары. Жаңартылмау – белгіленген лимит және қолжетімділік кезеңінің шегінде жаңартылмау шартымен Құралдарды ұсыну. Қаржыландыру желісінің жаңартылмауы БКК-да анықталады. Лимит – Банк Клиентке ұсынуы мүмкін, БКК-да қарастырылған барлық қаржы құралдарының теңгеде өтелуінің шекті сомалары. Қаржыландыру желісі – Банктің Клиент­­ті БКК бойынша банктік қарыз, аккре­­ди­тивтер, банктік кепілдіктер және кре­дит берудің өзге формаларында бірнеше мәрте қар­жыландыруы немесе Клиентке БКК шеңберінде жасалатын Қаржыландыру шарттарына сәйкес Құралдарды алу уақытын өзі анықтауға мүмкіндік беретін осы БКК-да анықталған уақыт және лимит шегінде Клиент пайдасына, сонымен қатар үшінші тұлғалардың пайдасына қандай да бір қаржы қаражатын ұсыну. Қамтамасыз ету – кепілзат, кепілдік, ке­піл­герлік, мүлікті ұстап қалу, кепілақша жә­не заң­намада, Қаржыландыру шартында және/немесе БКК немесе өзге шарттарда (мә­мілелерде), соның ішінде, бірақ бұлармен шектелмей Банктің үшінші тұлғалармен жасасқан мәмілелерде қарастырылған міндет­темелердің орындалуын қамтамасыз етудің басқа тәсілдері. Дербес деректер – Қазақстан Республи­касының «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңында, Банктің ішкі құжаттарында, соның ішінде болашақта туындайтын, сондай-ақ оларға енгізілетін өзгертулер және/немесе толықтыруларда анықталған Дербес деректер субъектісіне қатысты мәліметтер. Ақшамен және (немесе) басқа мүлікпен жасалатын күдікті операция (күдікті операция) – Клиенттің операция жасау үшін пайдаланылатын ақша және (немесе) өзге мүлік қылмыстық әрекеттен түскен кіріс болып табылады деп не операцияның өзі қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) немесе терроризмді не өзге қылмыстық әрекетті қаржыландыруға бағытталған деп күдік туындататын операция (осындай операцияны жасауға ұмтылысты, жасалу процесіндегі операцияны немесе жасалған операцияны қоса алғанда); Кепілгер – берілген кепілгерліктің күшімен Банк алдында Клиенттің міндеттемесін орындау үшін толық немесе ішінара ортақ жауап беруге міндетті тұлға. Ықтимал дефолт – Дефолтқа немесе Кросс-дефолтқа әкелуі мүмкін оқиға немесе әрекет. Кепілдік заты – айналымнан шығарылған заттарды, кредитордың жеке тұлғасына тікелей байланысты талаптарды, атап айтқанда алимент, өмірге немесе денсаулыққа келтірілген зиянды өтеу талаптары және заңнамалық актілермен басқа тұлғаға табысталуы тыйым салынған өзге құқықтарды қоспағандағы кез келген мүлік, соның ішінде заттар және мүліктік құқықтар (талаптар). Бірлесіп қарыз алушы – Клиентпен бірге Қаржыландыру шартына қол қоятын және Қаржыландыру шарты бойынша алған ақшаны қайтару және Берешекті, соның ішінде сыйақыны және Құралдар бойынша өзге төлемдерді толық төлеу жөніндегі міндеттемелерді орындау үшін ортақ жауапкершіліктегі тұлға ретінде қабыл­данатын жеке немесе заңды тұлға. Дербес деректер субъектілері – жеке тұл­ғалар: Клиент, кепілзат беруші, Қаржы­лан­дыру шарты және/немесе БКК бойынша Қамтамасыз етуді ұсынған/ұсынатын өзге жеке тұлғалар; олардың үлестес тұлғалары; құрылтайшылар (қатысушылар/акционерлер), атқарушы органның басшысы, заңды тұлға құрамына тағайындалған немесе сайланған өзге тұлғалар, Клиенттің, Бірлесіп қарыз алу­шының, кепілзат берушінің, Қаржыландыру шарты және/немесе БКК бойынша Қамтамасыз етуді ұсынған/ұсынатын өзге тұлғалардың бас бухгалтері; сондай-ақ заңнама Қаржыландыру шарты және/немесе БКК, және/немесе Банкпен жасалған өзге мәмілелер бойынша, және/немесе Банктің ішкі құжаттарының талаптарына сәйкес және/немесе Қаржыландыру шарты және/немесе БКК, және/немесе Банкпен жасалған өзге мәмілелерді жасасу және оларды орындауға байланысты Банкке ұсынылуы тиіс Дербес деректерді жинау және өңдеу қажеттілігі туын­даған/бар болған кездегі басқа жағдайлар; барлық аталған тұлғалардың өкілдері – барлығы бірге және әрқайсысы жеке. Ағымдағы шот – Қаржыландыру шартында көрсетілген банктік шот. Транш – Клиенттің жазбаша өтінімінің негізін­де Қаржыландыру шарттарын жасасу кезінде БКК шеңберінде ұсынылатын Құралдар сомасының бөлігі (соның ішінде, бірақ бұлармен шектелмей, Банк Клиент үшін үшінші тұлғалар пайдасына берген кепілдік және/немесе аккредитив). Банктің уәкілетті органы – Қаржыландыру желісін және/немесе Құралдарды беру туралы шешім қабылдау үшін тиісті өкілеттіктері бар Банк органы немесе тұлғасы. 3. Банктік қарыздарды, соның ішінде БКК шеңберінде берілетін қарыздарды беру шарттары Қаржыландыру шартында және/немесе БКК-да басқасы қарастырылмаса: 3.1. Өтеу тәсілі. Банктік қарызды, сыйақыны өтеу, сондай-ақ банктік қарызды беруге және қыз­мет көрсетуге байланысты алынуға жататын өзге төлемдерді төлеуді Банк Қаржыландыру шартында және Қаржыландыру шартының қосымшасы болып табылатын өтеу кестесінде анықталған мерзімде Клиент Банкте ашқан және Қаржыландыру шартында көрсетілген Ағымдағы шоттан, Ағымдағы шотта ақша болмаған жағдайда Клиенттің Банкте ашқан басқа банктік шоттарынан тиісті сомаларды акцептсіз алу арқылы қолма-қол ақшасыз тәртіпте жүргізеді. Клиенттің мерзімі өткізілген берешегі Клиенттің Банкте, сондай-ақ басқа банктерде және/немесе Қазақстан Республикасында банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын өзге ұйымдарда ашқан кез келген банктік шоттарынан Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған төлем құжаттарының негізінде акцептсіз тәртіпте алынады. Үшінші тұлғалар, соның ішінде бірақ бұлармен шектелмей бірлесіп қарыз алушылар, кепілгерлер, кепілзат берушілер, кепілдік берушілер (олар бар болса) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қар­жыландыру шарты және/немесе БКК бойын­ша Клиенттің ақшалай міндеттемелерін орындауға құқылы. 3.2 ЖК, Жеке тұлға – клиент, берешегін өтеу кезектілігі. Қаржыландыру шарты бойынша клиент жүргізген төлем сомасы Клиенттің Қаржыландыру шарты бойынша міндеттемесін орындау үшін жеткіліксіз болған жағдайда Клиент­тің берешегін келесі кезектілікте өтейді: 1) негізгі қарыз бойынша берешек; 2) сыйақы бойынша берешек; 3) тұрақсыздық төлемі (айыппұл, өсімақы); 4) ағымдағы төлемдер кезеңі үшін негізгі қарыз сомасы; 5) ағымдағы төлемдер кезеңі үшін есептелген сыйақы; 6) орындауды алу бойынша Банк шығындары. Мерзімін өткізудің 180 (жүз сексен) ретті күнтізбелік күні ішінде Клиент Қаржыландыру шарты бойынша жүргізген төлем сомасы Клиенттің Қаржыландыру шарты бойынша міндет­темесін орындау үшін жеткіліксіз болған жағдайда Клиенттің берешегін келесі кезектілікте өтейді: 1) негізгі қарыз бойынша берешек; 2) сыйақы бойынша берешек; 3) ағымдағы төлемдер кезеңі үшін негізгі қарыз сомасы; 4) ағымдағы төлемдер кезеңі үшін есептелген сыйақы; 5) тұрақсыздық төлемі (айыппұл, өсімақы); 6) орындауды алу бойынша Банк шығындары. 3.3. Заңды тұлға – клиент берешегін өтеу кезек­тілігі. Қаржыландыру шарты бойынша Клиент жүргізген төлем сомасы Клиенттің Қаржыландыру шарты бойынша міндеттемесін орындау үшін жеткіліксіз болған жағдайда, сондай-ақ Клиент бастамасымен банктік қарызды мерзімінен бұрын өтеу жағдайларында Клиенттің берешегін келесі кезектілікте өтейді: 1) Банк өзінің құқықтары мен мүдделерін қорғау шараларын, Клиенттің берешегін Банкке қайтаруды жүзеге асыру мақсатында жұмсаған шығыстар; 2) комиссиялар және банктік қарызға қызмет көрсету жөніндегі өзге төлемдер; 3) тұрақсыздық төлемі (айыппұл, өсімақы); 4) сыйақы бойынша берешек; 5) негізгі қарыз бойынша берешек; 6) ағымдағы төлемдер кезеңі үшін есептелген сыйақы; 7) ағымдағы төлемдер кезеңі үшін негізгі қарыз сомасы. Клиент қаржыландыру шартына қол қоюымен Қаржыландыру шарты бойынша мерзімін өткізу басталған кезде Банк төлемге қабілетсіз Клиентке қатысты қолданылатын шара ретінде жоғарыда көрсетілген өтеу кезектілігін өзгертуге құқылы болуымен сөзсіз келісімін білдіреді, бұндай өзгерту Қаржыландыру шартын біржақты өзгерту болып табылмайды. Қаржыландыру шарты бойынша берешекті өтеу кезектілігі өзгергені туралы Клиентке осы Үлгі ережелерінің 13.9-тармағында қарастырылған тәртіпте хабарланады. 3.4. Қаржыландыру шартына қол қою арқылы Тараптар сыйақы мөлшерлемелері, комиссия­лар, Қаржыландыру шарттары бойынша тарифтер мөлшері және/немесе есептеу тәртібі, сондай-ақ оған байланысты әрекеттердің және өтеу кестесінің, соның ішінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын және осы Үлгі ережелерінің 13.10-тармағында қарастырылған тәртіпті ескере отырып, Қаржыландыру шарты­ның қосымша келісімін жасасу және/немесе Тараптардың өзгертілген өтеу кестесіне қол қою арқылы және/немесе Қаржыландыру шартында және/немесе БКК-да және ҚР заңнамасында қарастырылған басқа тәсілдермен өзгеру мүмкін­дігін растайды. 3.5. Клиент жеке тұлға немесе ЖК болып табылған жағдайда Қаржыландыру шартына өтеу кестесімен қатар белгіленген нысандағы Клиентке арналған жаднама қоса беріледі. Клиенттің ақшалай міндеттемелерінің сомасы (мөлшері) және (немесе) оларды төлеу мерзімінің өзгеруіне әкелетін Банктік қарыз шарттары өзгерген кезде Банк банктік қарызды өтеудің жаңа кестесі және жаңа шарттар ескерілген Клиентке арналған жаднаманы жасап, Клиентке береді. 4. Банктік кепілдікті, соның ішінде БКК шеңберінде берілетін кепілдікті беру шарттары Қаржыландыру шартында және/немесе БКК-да басқасы қарастырылмаса: 4.1. Банктік кепілдік бойынша талаптар Қаржы­ландыру шартында көрсетілген оның қолданыс мерзімінде ұсынылады, бұндай мерзім аяқталған кезде ол заңдық күшін жояды. 4.2. Банктік кепілдік Қаржыландыру шартында қарастырылған мерзім аяқталған кезде, сондай-ақ Клиент Бенефициар алдындағы банктік кепілдікпен қамтамасыз етілген өз міндеттемелерін орындаған кезде, сондай-ақ Қар­жыландыру шартында және/немесе БКК-да, банктік кепілдікте немесе Қазақстан Респуб­ликасының заңнамасында қарастырылған өзге жағдайларда қолданысын тоқтатады. 4.3. (1) банктік кепілдікте көрсетілген негіздер бойынша банктік кепілдік күшіне енбеген, (2) оның күшін мерзімінен бұрын жою жағдайында, сондай-ақ Клиент немесе Бенефициар бастамасымен банктік кепілдік қолданысын мерзімінен бұрын тоқтатудың басқа жағдайларында Қар­жыландыру шарты және/немесе БКК бойынша бұған дейін төленген комиссия сомаларын қайтару жүргізілмейді. 4.4. Банктік кепілдік шарттарын өзгерту тек (1) Клиенттен банктік кепілдік шарттарын өз­гер­ту өтінішін және қажетті құжаттарды алған­нан кейін және (2) Банк тарифтерінде бел­гі­лен­ген банктік кепілдік шарттарын өзгерту үшін ко­­миссияны төлегеннен кейін жүргізілуі мүмкін. 4.5. Банктік кепілдік шарттарын өзгерту үшін комиссияны Клиент Қаржыландыру шартының Қосымша келісіміне қол қойған күні төлейді (Ағымдағы шотқа салынады). Банктік кепілдікті өзгерту үшін комиссияны төлеу негіздері: 1. Банктік кепілдік сомасының ұлғаюы; 2. Банктік кепілдік сомасының мерзімін ұзарту; 3. Клиент бастамасымен берілген банктік кепіл­діктің өзге шарттарын өзгерту. БКК және/немесе Қаржыландыру шартына қол қоюымен Клиент банктік кепілдікті шарттарын өзгерту үшін комиссияны төлеуге сөзсіз келісімін білдіреді. 4.6. Банк банктік кепілдік бойынша міндет­темелерін орындаған жағдайда Клиент Банк Бенефициар пайдасына ақша сомасын төлегеннен кейін бір жұмыс күннің ішінде Банк Бенефициар пайдасына төлеген сомадағы ақшаны Банкке аударады. 4.7. Бенефициар ұсынған банктік кепілдікті орындау туралы талап бойынша ақша сомасы аударылғанға дейін Банк Клиентке келіп түскен талап туралы хабарлайды. 4.8. Қаржыландыру шартында көрсетілген ағымдағы шотта ақша жеткіліксіз болған жағдайда ақша түсу ретіне қарай келесі ке­зектілікте Клиент­тің берешегін өтеуге жі­беріледі: 1) банктік кепілдікке қызмет көрсетуге бай­ланысты және/немесе Қаржыландыру шар­тын және/немесе БКК және/немесе Үлгі ере­желерін орындамау/тиісті түрде орындамау нәтижесінде туындаған Банктің шығыстары мен залалдарының сомасы; 2) банктік кепілдікті беру үшін комиссия сомасы; 3) банктік кепілдікті пайдалану үшін комиссия; 4) тұрақсыздық төлемінің (айыппұл, өсімақы) сомасы; 5) банктік кепілдік сомасы. 4.9. Клиент Қаржыландыру шартына және/немесе БКК-ға қол қоюымен Қаржыландыру шарты және/немесе БКК бойынша мерзімін өткізу басталған кезде Банк төлемге қабілетсіз Клиентке қатысты қолданылатын шара ретінде жоғарыда көрсетілген өтеу кезектілігін өзгертуге құқылы болуымен сөзсіз келісімін білдіреді, бұндай өзгерту Қаржыландыру шартын біржақты өзгерту болып табылмайды. Қаржыландыру шарты бойынша берешекті өтеу кезектілігі өзгергені туралы Клиентке осы Үлгі ережелерінің 13.9-тармағында қарастырылған тәртіпте хабарланады. 5. Клиент Қаржыландыру шарты және/немесе БКК бойынша міндеттемелерін орындамаған немесе тиісті түрде орындамаған кезде Банк қолданатын шаралар Қаржыландыру шартында және/немесе БКК-да басқасы қарастырылмаса: 5.1. Клиент Қаржыландыру шарты және/немесе БКК және/немесе Үлгі ережелер бойын­ша міндеттемелерін орындамаған және/немесе тиісті түрде орындамаған жағдайда, міндеттемелерді орындау мерзімін өткізу басталған жағдайда/банктік кепілдікті алған жағдайда Банк Клиентке Қаржыландыру шарты және/немесе БКК-да көрсетілген мекенжайға/абоненттік нөмірлер және Қаржыландыру шарты және/немесе БКК-да көрсетілген, соның ішінде клиент жазбаша түрде/электронды пошта арқылы/ немесе Қаржыландыру шартын және/немесе БКК жасасқаннан кейін Тараптармен келісілген басқа тәсілмен ұсынған басқа байланыс деректері бойынша жазбаша хабарламаны тапсырысты пошта арқылы/электронды поштаға sms-хабарлама жөнелту арқылы төлем жасау/міндеттемелерді орындау қажеттілігі және Клиенттің Қаржыландыру шарты және/немесе БКК және/немесе Үлгі ережелері бойынша өз міндеттемелерін орындамау салдары туралы хабарлайды. Клиент деректемелердің, соның ішінде БКК және/немесе Қаржыландыру шартына сәйкес Клиентке пошталық және басқа да хабарламалар жолданатын тұрғылықты жері/орналасқан жері туралы мәліметтердің өзгеруі туралы хабарламаған жағдайда бұндай хабарламалар Клиентке жолданған және тиісті түрде алынған болып саналып, Банктің тиісті хабарландыру жөніндегі міндеттемелерін бұзуына Клиенттің сілтеме жасау құқығынан айырады. Хабарламада көрсетілген талаптар қанағат­тандырылмаған кезде Банк Қазақстан Респуб­ликасы заңнамасында, Үлгі ережелер және/немесе Қаржыландыру шарты және/немесе БКК-да қарастырылған Клиент Қаржыландыру шарты және/немесе БКК және/немесе Үлгі ережелер бойынша міндеттемелерін орындамаған немесе тиісті түрде орындамаған жағдайдағы оның құқықтары мен мүдделерін қорғау, Клиент Банкке берешегін қайтару үшін қажет және жеткілікті кез келген шараларды, соның ішінде келесілерді, бірақ бұлармен шектелмей қолдануға құқылы: 1) Клиентке шара қолдануға қатысты мәсе­лені Банктің уәкілетті органының қарауына шығаруға құқылы. Шара қолдану туралы шешім қабылдау Банктің Ішкі кредиттік сая­саты туралы ережелерге сәйкес жүзеге асырылады; 2) Банктік қарызды ұсынған кезде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік-құқықтық актісімен белгіленген тәртіппен Клиент­тің талабы бойынша ашылған банктік шоттарындағы мемлекеттік бюджеттен және Мем­лекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақы мен әлеуметтік төлемдер түріндегі ЖК/Жеке тұлға-клиенттің алған ақша­сынан басқа Клиенттің кез келген банктік шоттарындағы бар ақшаны даусыз (акцептсіз), соның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлем талап-тапсырмасын ұсыну арқылы өндіріп алуға құқылы; 3) Қаржыландыру шарты және/немесе БКК және/немесе Үлгі ережелерді орындау шарттарын өзгертуге, Қаржыландыру шарты бойынша қарыз сомасын өндіріп алу туралы талап арызбен жүгінуге, сондай-ақ соттан тыс тәртіпте (Қазақстан Республикасының жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы заңнамалық актісінде қарастырылған жағдайларды қоспағанда) немесе сот тәртібінде кепілге қойылған мүліктен ақы өндіріп алуға құқылы. Қаржыландыру шарты және/немесе БКК орындау шарттарын өзгерту Қаржыландыру шарты және/немесе БКК ажырамас бөлігі болып табылатын қосымша келісімінде анықталатын тәсілмен жасалатын болады; 4) ЖК, заңды тұлға – клиентті Қазақстан Респуб­ликасының заңнамасына сәйкес банкрот деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгінуге; 5) Қаржыландыру шарты және/немесе БКК бойын­ша, өзінің қарауынша, Болуы мүмкін дефолт, Кросс-Дефолт, Дефолт жариялауға құқылы соның ішінде Кросс-Дефолт жария­ламай (соның ішінде Банк банктік кепілдік бойынша төлегені немесе бенефициар талабы бойынша төлейтініне қарамастан, Банк бенефициар пайдасына берген банктік кепілдік сомасын сәйкесінше нақты Қаржыландыру шарты бойынша Берешек ретінде жатқызу арқылы); 6) Клиентке Қаржыландыру желісін ашқан кезде Лимиттің немесе оның бөлігінің қолда­ныл­­ма­ған сомасының күші жойылған деп жария­лауға. 7) Банктің осыған байланысты жұмсаған шығын­дарының барлығы Клиент есебіне жатқызылады. 5.2. Банк Клиенттің негізгі берешегінің сомасын есептелген сыйақымен бірге және Қаржыландыру шарты және/немесе БКК және/немесе Үлгі ереже­лері талаптарына сәйкес төленуі тиісті өзге сомаларды есептеу­мен бірге толық көлемде мерзімінен бұрын өндіріп алуға құқылы, ал егер оның талаптары қанағаттандырылмаса, кепілдік затынан/қамтамасыз етуден ақы өндіріп алуға мынадай жағдайларда құқылы (төменде көрсетілген жағдайлар Клиентке қатысты қолданылған кезде): 1) берілген банктік кепілдік бойынша – Банк банктік кепілдік бойынша қандай да бір төлемдер жүргізген жағдайда; 2) міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету ақша болған жағдайларды қоспағанда, Клиент Қамтамасыз ету шартының талаптарын бұзған жағдайда; 3) егер Кепілзат берушіге/Клиентке қалды­рылған немесе қамтамасыз ету жойылған ке­пілдік заты Кепілзат беруші/Клиент иелігінен Міндет­теме­лерді қамтамасыз ету шартының (бұдан әрі – Қамта­масыз ету шарты) талаптарына сәйкеспейтін жағдайларда шыққанда; 4) Кепілзат беруші/Клиент кепілдік затын ауыс­тыру туралы ережені бұзғанда; 5) Кепілзат берушінің/Клиенттің басқа мүлкі болмаған кезде Банктің талаптарынан артық­шылығы жоқ үшінші тұлғалар алдындағы орындау құжаттары бойынша Кепілзат беруші/Клиент міндеттемелерін орындау мақсатында кепілдік затынан ақы өндіріп алынғанда; 6) Клиент банктік қарызды мақсатты пайдалану жөніндегі міндеттерін орындамаған кезде; 7) Клиент Банктің банктік қарызды мақсатты пайдалануын бақылауды жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз ету міндетін бұзған кезде; 8) Клиент берілген банктік қарызды/Банк банктік кепілдік бойынша төлеген соманы/ басқа Құрал­дарды қайтару және сыйақыны/банктік кепілдікті пайдалану үшін комиссияны төлеуді қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелерін орындамаған кезде, сондай-ақ қамтамасыз етуден айырылған кезде немесе Банк жауап бермейтін жағдайлар бойынша оның жағдайы нашарлағанда; 9) Клиент негізгі қарыздың кезекті бөлігін және (немесе) банктік қарыз бойынша сый­ақыны төлеу үшін белгіленген мерзімді 40 (қырық) күнтізбелік күннен артық мерзімге бұзған кезде; 10) Кепілзат беруші/Клиент кейінгі кепілзат туралы ережені бұзғанда; 11) Банктік кепілдік қамтамасыз етуі ақша болған жағдайларды қоспағанда, Кепіл­зат беруші/Клиент келесі міндеттерді орын­дамағанда: а) кепілдік затын сақтауды қамтамасыз ету үшін, соның ішінде үшінші тұлғалар тарапынан қолсұғушылық пен талап етуден қорғау үшін қажетті шараларды қолдану; б) кепілдік затының зақымдану немесе айы­рылу қаупінің туындауы туралы Банкке кідіртпей хабарлау; в) кепілзат берушідегі кепілдік затының бар болуын, мөлшерін, жағдайын және сақтау жағдайын құжат бойынша және іс жүзінде Банктің тексеруіне кедергі жасамау; 12) Банктік кепілдікті беру кезінде міндетте­мелерді орындауды қамтамасыз ету ақша болған жағдайларды қоспағанда, Кепілзат беруші/Клиент кепілдік затына иелік ету жөніндегі ережелерді бұзғанда; 13) Қазақстан Республикасының заңнама­сында белгіленген жағдайларда, соның ішінде Клиент күдікті деп классификацияланған операцияны жасаған кезде немесе Клиент операцияларын Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі заңнамасына сәйкес тоқтатылған кезде Клиент­пен іскери қатынастарды тоқтатқан жағдайда (Үлгі ережелер және/немесе БКК және/немесе Қаржыландыру шартын орындаудан біржақ­ты бас тарту). Төленуі тиіс барлық сомаларды Клиент Банктің осы туралы жазбаша хабарламасында көрсетілген мерзімнен кешіктірмей қайтаруы тиіс. 6. Тараптардың жауапкершілігі және дауларды шешудің тәртібі Қаржыландыру шартында және (немесе) БКК-да басқасы қарастырылмаса: 6.1. Үлгі ережелер, Қаржыландыру шарты және/немесе БКК талаптарын бұзғаны үшін Тараптар Қазақстан Республикасы заңнамасына, Үлгі ережелер және/немесе Қаржыландыру шарты және/немесе БКК-ға сәйкес жауапкершілікте болады. 6.2. Негізгі қарызды уақтылы өтемеу және сыйақыны төлемеу үшін тұрақсыздық төлемі (айыппұл, өсімақы) мөлшері және есептеу тәртібі банктік қарызды беру кезінде Қаржыландыру шартында көрсетіледі. 6.3. Клиент төмендегі өз міндеттемелерін орын­дамаған немесе тиісті түрде орындамаған жағдайда Банкке мыналарды төлеуге міндет­тенеді: 1) Қаржыландыру шарты және/немесе БКК-да Банктің уәкілетті органының шешімі бойын­ша ерекше шарттар ретінде (бұдан әрі – Ерекше шарттар) көрсетілген міндеттемелерді қоспағанда Қаржыландыру шарты және/немесе БКК және/немесе Үлгі ережелер бойынша орындалу мерзімі бар міндеттемелер үшін Құрал сомасының 0,01% (нөл бүтін жүзден бір пайыз) мөлшеріндегі тұрақсыздық төлемін (өсімақыны); 2) Ерекше шарттарда көрсетілген міндет­темелерді қоспағанда Қаржыландыру шарты және/немесе БКК және/немесе Үлгі ережелер бойынша өзге міндеттемелер үшін Құрал сомасының 0,5% (нөл бүтін оннан бес пайыз) мөлшеріндегі тұрақсыздық төлемін (айыппұлды); 6.4. Банктік қарызды мақсатты пайдаланбау жағдайында (Қаржыландыру шартында қарызды белгілі бір мақсатқа пайдалану қарастырылса). 7. Клиент бастамасы бойынша банктік қарызды мерзімінен бұрын ішінара өтеу Қаржыландыру шартында және (немесе) БКК-да басқасы қарастырылмаса: 7.1. Банктік қарыз сомасын мерзімінен бұрын ішінара өтеу кезінде Клиент төмендегілерді қамтитын өтеу кестесін таңдайды: 1) банктік қарыз мерзімі өзгеріссіз қалып, ай сайынғы жоспарлы өтеу сомасының азаюы немесе 2) ай сайынғы жоспарлы өтеу сомасының мөлшері бұрын белгіленген ай сайынғы төлем мөлшерінен аспайтын соманы құрап, банктік қарыз мерзімінің азаюы. Клиент қаржыландыру шартына және (немесе) БКК-ға қол қоюымен банктік қарыз бөлігін өтеу жағдайында Банк болашақта ұсынатын өтеу кестесіне сөзсіз келісетінін білдіреді. Өзгертілген өтеу кестесі бұрынғы өтеу кестесін алмастырып, Қаржыландыру шарты­ның немесе БКК-ның ажырамас бөлігі болып табылады. 8. Тараптардың құқықтары Қаржыландыру шартында және (немесе) БКК-да басқасы қарастырылмаса: 8.1. Төменде көрсетілгендер Клиентке қатыс­ты қолданылатындай болса, Банк құқылы: 1) Қаржыландыру шартында және/немесе БКК және/немесе Үлгі ережелерде қарастырылған сомаларды төлеу мерзімі басталғанда, сондай-ақ Құралдарды беру валютасында Клиенттің банктік шотында ақша жоқ немесе жеткіліксіз болған жағдайда Қаржыландыру шарты және/немесе БКК және/немесе Үлгі ережелерге сәйкес төленуге тиісті сомаларды Клиенттің Банкте, басқа екінші деңгейлі банктерде және/немесе Қазақстан Республикасының банктік операциялардың жеке­леген түрлерін жүзеге асыратын өзге ұйым­дарда ашқан кез келген банктік шоттарынан бас­қа валютада алу күніне белгіленген валюта айырбастаудың нарықтағы бағамы бойынша айырбастайтындай етіп, қолданыстағы тариф бо­йынша айырбастау үшін комиссияны ұстап қа­лу­мен басқа валюталарда акцептсіз тәртіппен алуға; 2) Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарын ескеріп, Клиент/кепілгер/кепілдік берушінің қаржы жағдайы нашарлаған жағ­дайда Қаржыландыру шарты және (немесе) БКК бойын­ша берешекті толық көлемде өндіріп алуға мерзімінен бұрын ұсынуға; 3) Клиентке Қаржыландыру желісін ашқан кезде Құралдарды беруді тоқтатуға (тоқтата тұру­ға) және/немесе Қазақстан Республикасы заңнамасында, Қаржыландыру шарты және/не­месе БКК және/немесе Үлгі ережелерде қарас­­тырылған жағдайларда қаржыландыруды тоқтата тұруға (тоқтатуға) және/немесе осы Үлгі ережелерінің 5-бабында және Қазақстан Рес­пуб­ликасы заңнамасында қарастырылған жағ­дай­ларда Құралдар бойынша толық Берешек со­масын мерзімінен бұрын қайтаруды талап етуге; 4) БКК шеңберінде Лимиттің төмендеуі жөніндегі шешімді, осындай шешімнің себебін Клиентке түсіндірмей төлеуге қабілетсіз Клиентке қатысты қолданылатын шара ретін­де қабылдауға құқылы. Осы шешім оны қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күннен кешіктірмей Клиентке жазбаша хабарлама жөнелту арқылы мәлімделеді; 5) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын ескеріп, Үлгі ережелерінде қарас­тырылған тәртіпте Қаржыландыру шарты және/немесе БКК қолданысының кез келген уақытында, ал банктік қарыз берілген кезде Қаржыландыру шартына қол қойған күннен бастап банктік қарызды нақты берген күнге дейін Қаржыландыру шарты және/немесе БКК талаптарын (соның ішінде сыйақы мөлшерлемесі, банктік қарыз валютасы, банктік қарыз сомасын, сыйақыны төлеу мерзімі, комиссиялар және банктік қарызды беру және қызмет көрсетуге байланысты алынуға жататын өзге төлем­дер мөлшері, түрлері және есептеу тәрті­бін) өзгерту және/немесе толықтыруды ұсынуға құқылы. Қаржыландыру шарты және/немесе БКК және/немесе Үлгі ережелері талаптарын өзгерту және/немесе толықтыру туралы ұсыныс Клиентке жазбаша хабарлама түрінде жолданады. Клиенттің Қаржыландыру шарты және/немесе БКК және/немесе Үлгі ережелерінің жаңа және/немесе өзгертілген талаптарын қабылдауы Қаржыландыру шарты және/немесе БКК-ның қосымша келісіміне қол қоюы арқылы жүзеге асырылады. 6) Клиент, Банктің пікірінше, Клиенттің жеке қаражатының сомасынан айтарлықтай жоғары сомадағы талап бойынша сот ісінде жауапкер (бірлесіп жауапкершілікте болу) ретінде жауапқа тартылса және/немесе Клиенттің мүлкіне және оның банктік шотындағы ақшаға тыйым салынса, банктік шоттар бойынша шығыс операциялар тоқтатылса, мүлкінен, соның ішінде банктік шоттардағы ақшаны өндіріп алуға жататын болса (немесе осындай қауіптің шын болуы) Құралдарды/Құралдар бөлігін беруді жүзеге асырмауға; 7) егер Құралдарды беру кезінде Банктің пруден­циалдық нормативтерді ұстану туралы талаптарын қоса алғанда Қазақстан Респуб­ликасы заңнамасының талаптарын бұзуына әкелетін болса, Құралдарды беруден бас тартуға; 8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Клиенттің келісімінсіз үшінші тұл­ғаларға Қаржыландыру шарты және/немесе БКК бойынша Клиентке берілетін кез келген құқықтарды (талаптарды) табыстауды жасауға құқылы, бұған Клиент Қаржыландыру шарты және/немесе БКК-ға қол қоюымен өзінің сөзсіз және қайтарып алынбайтын келісімін береді. Клиент Қаржыландыру шарты және/немесе БКК-ға қол қоюымен үшінші тұлғаның тұлғасы Клиент үшін аса маңызды еместігін растайды; 9) Клиент өз міндеттемелерін орындамаған немесе тиісті түрде орындамаған жағдайда Банк Қаржыландыру шарты және/немесе БКК бойынша осы Үлгі ережелерінің 12-бабы, 13.5 тармағының негізінде Клиенттің банк құпиясын үшінші тұлғаға жариялау құқығына ие болады; 10) Клиенттің/Кепілгердің/Кепілдік берушінің қаржы жағдайын, оны/олардың даму перспективасын анықтау үшін, Үлгі ережелерінің 9.2. тармағында көрсетілген қаржы есептемесін қоса алғанда кез келген ақпаратты талап етуге, сондай-ақ кеплідік затының бар болуын, қолданылуын, сақталуын және жағдайы мен оны ұстау жағдайларын тексеруге, банктік қарыздың мақсатты пайдалануын тексеру үшін кез келген ақпаратты талап етуге құқылы, ал Клиент бұған жәрдемдесуге міндетті; 11) Қаржыландыру шарты және/немесе БКК жасасқаннан кейін осы Үлгі ережелерінің 9.2. тармағының 12) тармақшасында көрсетілген жағдайлар туралы ақпарат пайда болған жағдайда Клиенттен қосымша қамтамасыз етуді немесе Банк белгілеген мөлшерде жә­не мерзімде Банк талаптарының бөлігін орындауын талап етуге, сондай-ақ Құралдарды беруді тоқтата тұруға; 12) Клиент осы Үлгі ережелерінің 8.1. тарма­ғының 11) тармақшасындағы талаптар мен 9.2. тармағының 12) тармақшасында көрсе­тілген міндеттемелерді орындамаған жағдайда Құралдарды ұсынудан бас тартуға; 13) Қаржыландыру шарты және/немесе БКК бойынша міндеттемелерді орындауда ұсынылатын қамтамасыз ету ішінара немесе толық жойылған жағдайда (осындай қауіптің туындауы), сондай-ақ кепілдік заты Клиенттің немесе кепілзат ұстаушының иелігінен шығып қалса, тәуелсіз бағалаушы есебінің негізінде анықталған қамтамасыз ету құны 10% (он пайыз) және одан артық төмендеген жағдайда Клиенттен Банк қажет, қолайлы және жеткілікті деп санайтын форма мен көлемде Қаржыландыру шарты және/немесе БКК бойынша міндеттемелерді орындауда қосымша кепілдік ұсынуын талап етуге; 14) Банктің қаржыландыру бағдарламасында кепілдік затын Клиенттің сақтандыруы қарас­тырылған жағдайда, Сақтандыру шарты толық мерзімге жасалатын жағдайларды қоспағанда Клиент сақтандыру шартының мерзімін ұзарту талабын бұзған кезде Қаржыландыру шартында анықталған мөлшердегі тұрақсыздық төлемін (өсімақыны) өндіріп алуға; 15) Банктің қаржыландыру бағдарламасында кепілдік затын сақтандыру қарастырылған жағдайда, сақтандыру шарты бойынша пайда алушы ретіндегі Банкке тиесілі және Клиенттің Қаржыландыру шарты және/немесе БКК бойын­ша берешек сомасын өтеуге жөнелтілген сақтандыру төлемі берешектің толық сомасын өтемеген кезде Клиенттен берешектің қалған сомасын өз қаражатының есебінен өтеуді талап етуге; 16) Клиенттен, барлық Бірлесіп қарыз алушылардан (болған кезде), сонымен қатар олардың кез келгенінен жеке Қаржыландыру шарты және/немесе БКК бойынша берешекті толық не ішінара қайтаруды талап етуге құқылы. Банк Бірлесіп қарыз алушылардың бірінен және/немесе Клиенттен толық қанағаттанбаса алынбаған бөлікті қалған Бірлесіп қарыз алушылардан, Клиенттен талап етуге құқылы; 17) Қаржыландыру шарты және/немесе БКК жасасқанға дейін және Банктің қалауынша кез келген уақытта Клиенттің қаржы жағдайын және Құралдардың қамтамасыз етілуін тексеруге; 18) банктік қарызды беру кезінде: а) заңнамада, Қаржыландыру шарты және/немесе БКК және/немесе Үлгі ережелерінде қарас­тырылған жағдайларда Қаржыландыру шарты және/немесе БКК және/немесе Үлгі ережелерінің талаптарын біржақты тәртіпте Клиент үшін жақсарту жағына қарай өзгертуге; б) Клиент банктік қарыздың кезекті бөлігін қайтару және (немесе) сыйақыны төлеу үшін белгіленген мерзімді қырық күнтізбелік күннен артық мерзімге бұзған кезде банктік қарыз және ол бойынша сыйақы сомасын мерзімінен бұрын қайтаруды талап етуге; в) Қаржыландыру шарты және/немесе БКК-ға сәйкес төленуге тиісті сомаларды өтеу мерзімі бастал­ған кезде, сондай-ақ Банкте Қаржыландыру шарты және/немесе БКК және/немесе Үлгі ережелерінде қарастырылған сомаларды төлеуді талап ету құқығы туындаған жағдайда, ЖК, жеке тұлға-клиент Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісімен белгіленген тәртіппен Клиенттің талабы бойынша ашылған банктік шоттарындағы мемлекеттік бюджеттен және Мемлекеттік әлеуметтік сақта