30 Маусым, 2016

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №380

291 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
2016 жылғы 28 маусым,  Астана, Үкімет Үйі «Атырау МӨЗ-ін реконструкциялау және жаңғырту» басым жобасы бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға квота белгілеу және «Атырау МӨЗ-ін реконструкциялау және жаңғырту» басым жобасын іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 19 наурыздағы №147 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Атырау МӨЗ-ін реконструкциялау және жаңғырту» басым жобасы бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға квота белгілеу және «Атырау МӨЗ-ін реконструкциялау және жаңғырту» басым жобасын іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 147 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 14, 82-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулыға қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакция­да жазылсын. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                                                     К.МӘСІМОВ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 19 наурыздағы №147 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 28 маусымдағы №380 қаулысына қосымша «Атырау МӨЗ-ін реконструкциялау және жаңғырту» басым жобасы бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квоталар Жобаның атауы    Өтініш беруші    Іске асыру орны    Іске асыру мерзімі    Квота (адам) 1    2    3    4    5 «Атырау МӨЗ-ін реконструк­циялау және жаңғырту»    «SINOPEC Engineering (Group) Co., Ltd» Қазақстандық филиал     Атырау қаласы, Атырау облысы    2013-2016 жылдар    2016 жыл: 2050