30 Маусым, 2016

Иракта 250 содырдың көзі жойылды

318 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
[caption id="attachment_49277" align="aligncenter" width="700"]160630-irak Фото: tass.ru[/caption] Ирактың Әл-Фаллуджа қаласына таяу жерде әскерилер лаңкестерге қарсы арнайы операция жұмыстарын жүргізді. ТАСС ақпарат агенттігінің хабарлауынша, АҚШ коалициясының жасаған әуе соққылары кезінде 250 содырдың көзі жойылған. Сонымен қатар, оларға тиесілі 40 көлік талқандалды. Өткен аптаның соңына қарай үкімет әскері қосымша күшпен аталған қаланы экстремистерден азат еткен болатын. Әл-Фаллуджа 2014 жылы содырлардың қолына өтіп кеткен. «Мешіттер қаласы» деп аталатын бұл маңай Ирак астанасы – Бағдадтан небәрі 65 шақырым қашықтықта орналасқан. 24.kz-тің ақпарына сәйкес, «Ирак пен Левант лаңкестік тобы» соңғы 3 жылда Ирак пен Сирияның біраз жерін басып алған еді. Оларға қарсы бағытталған шабуыл біртұтас сипатта емес. Жергілікті үкіметтік қарулы күштер, АҚШ бастаған халықаралық коалиция, сонымен бірге күрдтік, ливандық және шиіттік жасақтардың бәрі күресті өз алдына жеке жүргізуде. Аян ӘБДУӘЛИ.