30 Маусым, 2016

Қарағанды облысында лаңкес өзін-өзі жарып жіберді

461 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
[caption id="attachment_49283" align="aligncenter" width="700"]160630-terrorist Фото: informburo.kz[/caption] Қарағанды облысында орналасқан Гүлшат ауылында бір лаңкес өзін-өзі жарып жіберді. Бұл турасында ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) баспасөз қызметі былай деп хабарлады: «26 маусым күні Балқаш қаласы мен Гүлшат елді мекенінде жарылғыш заттардың көмегімен лаңкестік әрекеттер жасамақ болған радикалды топтың жолы кесілді». informburo.kz-тің хабарлауынша, ҰҚК қызметінің арнайы жасағы ұстау шарасын іске асырмақ болғанда лаңкестердің бірі беліне байланған жарылғыш затты жарып жіберіп, өзі опат болған. Басқа зардап шеккендер жоқ. Қазіргі таңда радикалды топтың барлық мүшесі қолға түсті. Олардан жарылғыш заттардың бөлшектері, оқ ататын қарулар және басқа да айғақ заттар алынған. Осы оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу-тексеру амалдары жүргізілуде. Қайрат Әбілдинов.