30 Маусым, 2016

Елбасы жерді сатуға, жалға беруге болмайтын Заңға қол қойды

287 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
[caption id="attachment_49293" align="aligncenter" width="640"]06-04-2016Akorda akorda.kz[/caption] Akorda.kz-тің хабарлауынша, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасы Жер кодексінің жеке нормаларының қолданысын және «Қазақстан Республикасының Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы заңының қолданысқа енгізілуін тоқтата тұру туралы» заңға қол қойды. Қабылданған заң «Жер заңнамасының кейбір нормаларын қолдануға мораторий енгізу туралы» 2016 жылғы 6 мамырдағы № 248 жарлықты іске асыруға бағытталған. Заңмен «Қазақстан Республикасының Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасының заңының қолданысы 2016 жылдың 31 желтоқсанына дейін тоқтатылады. Бұдан бөлек, Жер кодексінің кейбір нормаларының қолданысы тоқтатылады, оларға сәйкес 2016 жылдың соңына дейін: ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері жалдау шарттарымен шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға, шетелдік заңды тұлғаларға, сондай-ақ, шетелдіктер қатысатын заңды тұлғаларға, мемлекеттік меншіктегі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріне меншік құқығы берілмейтін болады. Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады. Талғат Райымбек.