01 Шілде, 2016

Рәсімдер өткізу мерзімдері қысқартылды

279 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
«Б» корпусыМемлекеттік қызмет істері ми­нистрінің №104 бұйрығымен «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу ережелеріне өзгерістер ен­гі­зілді. Бұл өзгерістер Бірінші инсти­туттық реформаны жүзеге асыру жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының отырысында мақұлданды. Олар конкурстық комиссиялардың жұмысын жетілдіруге, сондай-ақ, конкурс өткізу мерзімдерін оң­тайландыруға бағытталған. Енгізілген түзетулерге сәйкес, орталық мемлекеттік органдарды қоспағанда, мемлекеттік органдарға конкурстық комиссиялар құруға рұқсат беріледі. Оның құрамына кемінде бес адам тартылуы мүмкін. Бұл жаңалық аудандық және ауылдық деңгейдегі мемлекеттік орган­дарда құрылымдық бөлімшелердің жеткіліксіздігінің салдарынан туындайтын конкурстық комиссия құру мәселесін шешуге мүмкіндік береді. Сонымен бірге, мемлекеттік ап­па­рат­тың үздіксіз жұмысын және бос лауазымдардың орнын уақтылы алмастыру мақсатында құжат қабылдау мерзімдері: ішкі конкурс өткізу кезінде – 5 жұмыс күнінен 3 жұмыс күніне дейін, жалпы конкурс кезінде – 10 жұмыс күнінен 7 жұмыс күніне дейін қысқартылды. Ішкі және жалпы конкурстарға қатысатын үміткерлердің әңгімелесуден өту мерзімі де сәйкесінше 5 жұмыс күнінен 3 жұмыс күніне дейін қысқартылды. Нәтижесінде, конкурстың барлық үш кезеңін өткізу мерзімдері жалпы 13 жұмыс күніне азая­тын болды. Еске сала кетейік, мерзімдерді қыс­қарту мәселесі үстіміздегі жыл­дың 8 мау­­­сымында өткен министрдің халықпен есептік кездесуінде көтерілген еді. «Егемен-ақпарат»