01 Шілде, 2016

Алтыншы шақырылымның алғашқы нәтижесі

313 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін
Парламент (2)-жанаКеше Парламент палаталарының бірлескен отырысы болып, оған регламентке сәйкес Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин төрағалық етіп, жүргізіп отырды. Күн тәртібіне алтыншы сай­лан­ған Парламенттің бірінші сессия­сының жабылуы және парла­менттік каникул туралы мәселе енгізілді. Отырысқа Премьер-Министр Кәрім Мәсімов, Мемлекеттік хат­шы Гүлшара Әбдіқалықова, Конс­титуциялық Кеңестің, Орта­лық сайлау комиссиясының және Республикалық бюджеттің атқа­рылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің төрағалары, Үкі­мет мүшелері, ел Президентіне тіке­лей бағынатын және есеп бере­тін органдардың басшылары, Президент Әкімшілігінің, Пре­мьер-Министр Кеңсесінің, Пар­­ламент палаталары аппарат­тарының жауапты қызметкерлері және БАҚ өкілдері қатысты. Алтыншы шақырылымның алғашқы сессиясының үш айда атқарған жұмысы туралы баяндаманы Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин жасады. Сөзін Қазақстан Тәуелсіздігіне биыл 25 жыл толатын мерейтойынан бастаған Төраға одан әрі еліміздің жетістіктеріне қысқаша шолу жасады. Бұл жылдардың әрбір күні, әрбір айы, әрбір жылы біз үшін өте маңызды, өте бағалы.   Осы уақыттың ішінде біз Қазақстанның даму жолын қалыптастырып, бүкіл әлем таныған абыройлы, беделді және ықпалды мемлекетке айналдық. Бұл, ең алдымен, Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ерен еңбегінің, со­нымен бірге, әрқашанда Прези­ден­тімізге тірек болып, қолдау білдір­ген халқымыздың береке-бірлі­гінің нәтижесі. Әрине, осы үлкен жолда Парламенттің де елі­міз­дің даму жолына қосып жат­қан үлесі өте зор. Біздің ендігі міндеті­міз жеткен жетістіктерімізді баға­лап, сақтай отырып, одан әрі мық­ты мемлекеттің дамыған эконо­микалық биіктеріне жету, деді Н.Нығ­матулин. Одан әрі Төраға алтыншы сай­ланымның үш ай жұмыс істегенін еске сала отырып, осы мерзімде атқарылған жұмыстарға тоқталды. Соның ішінде Президенттің Жер кодексіне енгізілген өзгерістерге мораторий жариялағанын атап өтті. Осының арқасында халқымыздың Елбасына деген сенімі бұрынғыдан да артып, Қазақстан халқының бірлігі мен берекесі нығая түсті, деді ол. Сонымен қатар, жер мәселесіне байланысты Президенттің тапсыр­масымен арнайы комиссия құры­лып, оған қоғамның барлық тарапынан өкілдер қатысқаны, сөйтіп, белсенді жұмыс жүгізіп жат­қа­ны айтылды. Сондықтан, деді ол, біз бүкіл депутаттық корпус бо­лып жерге қатысты туында­ған сұ­рақ­тарды әрбір адаммен тал­қы­лап, ақылға салып, оң шешім қабыл­дауымыз қажет. Сессия барысында Елбасының стратегиясына сәйкес Қазақстанды жаңғыртуға арналған өте маңызды жұмыстар қолға алынғаны жә­не соның нәтижесінде өте маңыз­ды заңнамалық құжаттар қабылдан­ғаны көлденең тартылды. Екі палатаның 3 бірлескен отырысы, Мәжілістің – 12, Сенаттың 6 жалпы отырысы,  3 «Үкімет сағаты», тұрақты комитеттердің, жұмыс топтарының отырыстары өтті. Бұл кезеңде Мәжіліс қарауында 42 заң жобасы болды. Ал 7 заң жобасын Мәжіліс депутаттарының өздері әзірледі. Осы сессияда Мәжіліс 13 заң жобасын мақұлдап, Сенат 12 заң жобасын қабылдады, дей келіп, Нұрлан Зайроллаұлы олардың аса маңыздыларына тоқталып өтті. Қабылданған заңдардың қатар­ында «Жер кодексінің кейбір нор­ма­ларының қолданысын тоқтата тұ­ру туралы», «Төлемдер мен төлем жүйесі туралы» заң жобалары, т.б. аталды. Парламентте өт­кен Үкі­мет сағаттары мен дөң­гелек үс­телдерде, көшпелі отырыс­­тарда денсаулық сақтау саласы, ауыл шаруашылығы, әлеумет­тік-экономикалық, білім және мә­дениет, жастар мәселе­лері ерекше талқыланып, «Нұрлы Жол» ин­фрақұрылымдық бағдар­лама­сы­ның орындалуына назар аударылды, деді Төраға. Сонымен қатар, ол сессия ба­ры­­сында орталық мемлекеттік орган­­дарға барлығы 115 депутаттық сауал жол­данғанын айтты. Депутаттар тек қана заң шығарушылықпен айналыс­пай, еліміздің қоғамдық-саяси өміріне белсене араласып, көптеген республикалық жә­не халықаралық деңгейлердегі фо­румдарға қатысты, деді Төраға. Осы қатарда парламентшілеріміздің халықаралық істері туралы да ай­тылды. Бүгінгі күні біздің Пар­ламент 12 парламентаралық ұйым­мен және 80-нен аса елдер­дің парламенттерімен өзара әріп­тестік орнатты. Соның ішін­де ТМД-ға мүше мемлекет­тер­дің Пар­ламентаралық Ассам­блея­сының, ТүркПАА мен басқа да халық­аралық конференциялар мен форум­дардың жұмыстарына белсене араласып, парламентаралық ынтымақтастықты, дипломатияны дамытуға және Қазақстанның халықаралық бастамаларын жүзеге асыруға ықпал етті. Соның ішінде Елбасы Н.Назарбаевтың «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесінің таралып, танылуына үлкен үлес қосылды, деді Н.Нығматулин. Алда атқарылғалы тұрған міндет­терге шолу жасағанда шешен Сенатпен бірлесіп атқары­латын жұмыстардың жоспары жаса­латынын жеткізді. Онда мем­ле­кеттік саясаттың негізгі мәсе­лелері бірінші кезекте ескері­летін болады. Бүгінгі күні бүкіл әлем­де терроризм мен экстремизм­ге қарсы күрес жүріп жатқан кезде Президент осы салада заң жоба­ларын жасауға тапсырма берге­ні атап көрсетілді. Сондықтан Үкі­метпен бірлесе отырып, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, халқымыздың бейбіт өмірі мен тыныштығын қорғау үшін барлық қажетті шараларды жасаймыз, дей келіп, одан әрі Президенттің бес институттық реформасын іске асырудың «100 нақты қадам» – Ұлт Жоспары одан әрі сапалы заңдармен қамтамасыз етілетінін көлденең тартты. Осы жолда Парламент жұмысының барынша ашық болуы да ерекше назарда болады. Өйткені, қоғамдық пікірлер мен ұсыныстардың маңызы зор. Сондықтан Парламентте азаматтық қоғам және БАҚ өкілдерімен барлық мәселе ашық талқыланады, деді Нұрлан Нығматулин. Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан» Спикердің сөзінен кейін күн тәртібіндегі мәселе бойын­ша Пар­ламенттің қаулысы қабыл­данып, алтыншы сайланымның алғашқы сессиясы жабылып, депутаттар каникулға шықты.