01 Шілде, 2016

Бұл – халықаралық тұрғыдан танылу

364 рет
көрсетілді
9 мин
оқу үшін
* Басқа басылымдардан БҰҰ Бас Ассамблеясында Қауіпсіздік Кеңесінің 2017-2018 жылдардағы бес тұрақты емес мүшесін сайлау болып өткені белгілі. Мұндағы басты мәселе Азия-Тынық мұхит елдері тобынан бір орынға екі беделді үміткер – Қазақстан мен Таиландтың таласуы болды. Осы жерде айта кететін жайт, Қазақстан бұдан бұрын ешқашан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне мүшелікке сайланып көрген емес, ал Таиланд оның құрамына 1985-1986 жылдары енген еді. Қорытындысында Астана айқын жеңіске жетті. Сарапшылардың пікірінше, бұл Қазақстанның халықаралық беделінің кезекті бір мәрте мойындалуы болып табылады. Еліміздің әлемдік аренада белсенді рөл атқаратыны да мәселені шешуге оң септігін тигізгені күмәнсіз. Логотип_ТАССҚазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі жұмыс кезінде жаһандық қауіпсіздік, ядролық қару­сыздану, жаппай қырып-жоятын қару түрлерін таратпау секілді мәселелерге басымдық беретін болады. Бұл туралы Қазақстанның Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов БҰҰ Бас Ассамблеясында болған дауыс берудің қорытындыларына арналған басқосуда мәлімдеді. Министр Астананың 2010 жылдан басталған сайлауалды науқанын еске салып өтті. «Біз осы науқан барысында басымдықтарымызды нақты белгіледік. Бірінші кезекте бұл біздің қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша күш-жігерімізді жалғастыру болса, аталған жайт ядросыз әлем құру, ядролық қаруды таратпау мәселелерінен көрінеді», – деді Е.Ыдырысов. Оның сөзіне қарағанда, ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өткен жылдың наурыз айында болған БҰҰ Бас Ассамблеясының ядролық қауіпсіздік мәселесіне арналған 70-ші сессиясындағы жалпы саяси пікірталас кезінде бірқатар өте алысты көздейтін бастамалар көтерді. «Мемлекет басшысы барлық әлемдік көшбасшыларды БҰҰ-ның 100 жылдығына қарай, яғни 2045 жылы ядролық қарудан толықтай бас тартуға шақырды. Бұл өте салмақты міндет, бірақ біз оның саяси тұрғыдан өте күрделі екенін, дегенмен, күш біріктірсе, жасауға болатынын білеміз», – деп атап көрсетті агенттіктің сұхбаттасы. Ол сондай-ақ, Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі келесі бір басымдығы даму мәселесі болатынын хабарлады. «Баршамыз бейбітшілік пен даму өзара тығыз байланысты екенін жақсы түсінеміз, сондықтан барлық елдер үшін – дамыған және дамушы елдер үшін де – күш-жігерді энергетикалық, су және азық-түлік қауіпсіздігі мәселесіне шоғырландырған теңдей дәрежеде маңызды деп санаймыз», – деп атап өтті Е.Ыдырысов. Оның сөзіне қарағанда, Қазақ­стан Қауіпсіздік Кеңесіндегі әріптестерімен конс­труктивті жұмысқа дайын. Логотип-Deutsche_WelleҚазақстан, Боливия, Эфиопия және Швеция сейсенбі, 28 маусым күні екі жылға (2017-2018 жылдар) БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелігіне тұрақты емес негізде сайланды... БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі дауыс берудің бірінші турында Боливия, Эфиопия және Швеция сайланса, екінші турында Қазақстан дауыстарының саны бойынша Таиландтың алдын орап кетті. Ал үшінші турында Италия мен Нидерланд таласқа түсті. Болашақта Германия да БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне үміткерлер қатарын толықтырмақ ниетте. Германия Федера­тивтік Республикасының Сыртқы істер министрі Франк-Вальтер Штайнмайер 27 маусым күні елінің осындай орынды 2019-2020 жылдары алу үшін ресми тапсырыс бергенін хабарлады... БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде, тұтастай алғанда, 15 мемлекет бар. Ұлыбритания, Қытай, Ресей, АҚШ және Франция Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшелері болып табылады. Тағы 10 мемлекет Бас Ассамблеяға 2 жылға тұрақты емес негізде сайланады... логотип-риа новИталия мен Нидерланд БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелері ретіндегі өкілеттілік мерзімін алдағы екі жылда бөліп өткеруге дайын екендіктерін мәлімдеді. Себебі, дауыс берудің төрт раунды да осы екі елдің ешқайсысының басымдығын айғақтап бере алмады. Италия БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің құрамына 2017 жылы кіре алады, ал Нидерланд – 2018 жылы. Сейсенбі күні БҰҰ Бас Ассамблеясы Қауіпсіз­дік Кеңесінің төрт тұрақты емес мүшесін сайлады. Олар алдағы екі жыл бойы өкілеттік ететін болады. Бірінші тур барысында басым дауысты жеті үміткер мемлекеттің ішінен тек үшеуі ғана ала алды. Олар: Боливия (Латын Америкасы өңірлік тобынан кандидат), Эфиопия (Африка тобынан кандидат) және Швеция (Батыс Еуропа мемлекеттері тобынан үміткер). Ал Азия-Тынық мұхит елдері тобынан дауыс берудің екінші раундының нәтижесі бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне алғаш рет Қазақстан сайланды. Қалған бір орын үшін Батыс Еуропа мемле­кеттері тобынан Италия мен Нидерланд күреске түсті. Екеуінің бірі сайлануы үшін Бас Ассамблеяға мүше елдер дауысының үштен екісін (193 елдің 129-ын) алу қажет еді. Алайда, дауыс берудің төрт раунды барысында да аталған елдер іс жүзінде дауыстарды теңдей жинады – әрқайсысы 90-нан астам дауыс. Кезекті үзілістен кейін Нидерланд сыртқы істер министрі Берт Кундерс пен Италия сыртқы саясат ведомствосының басшысы Паоло Джентилони мәмілелік шешімге келгендерін хабарлады. Енді бұл шешім БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің әрі қарайғы қарауына енгізілетін болады. лооготип-bbcҚазақстан 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап екі жыл мерзімге БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі елдерінің қатарына енді. БҰҰ Бас Ассамблеясындағы дауыс берудің нәтижесінде Қазақстан 193 елдің 138-інің қолдауына ие болса, ал оның басты бәсекелесі Таиландты БҰҰ-ға мүше 55 ел ғана қолдады... БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне вето қою құқы бар 5 ел: Ұлыбритания, Қытай, Ресей, АҚШ, Франция және Бас Ассамблея екі жыл мерзімге сайлайтын 10 тұрақты емес мүше енеді. Жыл сайын тұрақты емес мүшенің жартысына ротация жүргізіледі. Қауіпсіздік Кеңесінде орынға ие болу үшін үміткер елдер Бас Ассамблея мүшелері дауысының үштен екісін алуы тиіс. Жаңа жылдан бастап Анголаның, Венесуэла­ның, Испанияның, Малайзияның және Жаңа Зелан­дияның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі өкілет­ті­лік мерзімдері аяқталады.  логотип-parsTodayҚазақстан БҰҰ-да дауысқа салудың екінші кезеңін­де Таи­ландтан басым түсіп, Швеция, Эфиопия және Боливия­­­мен бірге 2017 жылғы қаңтар айының 1-інен басталатын БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің екі жылдық мүшелігіне өтті. 193 ел мүшесі болып табылатын БҰҰ Бас Ассамблеясы 138 дауыспен Қауіпсіздік Кеңесіне мүшелік үшін Таиландтан гөрі Қазақстанды құп көрді. Мемлекеттер Қауіпсіздік Кеңесіне тұрақты емес мүшелік үшін Бас Ассамблея мүшелерінің үштен екіден артық дауысына ие болуы керек.   логотип-Trend_NewҚазақстан БҰҰ Қауіп­­сіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне 2017-2018 жылдар кезе­ңіне сайланды. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне мүше­лікке Батыс Еуропа елдері тобынан алдағы екі жылға соңғысы болып не Италия, не Ни­дерланд сайлануы тиіс еді. Бірақ аталған мемлекеттердің екеуі дауыс берулердің төрт турынан кейін де қажетті дауыс көлемін жинай алмады. Сөйтіп, Италия мен Нидерланд мәмілелі шешімге келді. Олар Қауіпсіздік Кеңесіндегі өкілеттілік мерзімдерін бір-бір жылдан атқаратын болды. Бұл жерде мүшелікке өту үшін үміткер ел­дер БҰҰ-ға мүше 193 мемлекеттің кем дегенде 129-ы­ның дауысын алуы тиіс екенін айта кетейік. Ал Азия-Тынық мұхит елдері тобынан Таиландпен бәсе­кеге түскен Қазақстан, тіпті, 138 дауыс жинады. Бірінші тур барысында қажетті дауыстарды 7 үміткер мемлекеттің тек үшеуі ғана ала алды. Олар: Боливия (Латын Америкасы өңірлік тобынан кандидат), Эфиопия (Африка тобы­нан кандидат) және Швеция (Батыс Еуропа мемлекеттері тобынан үміткер).