01 Шілде, 2016

Сындарлы саясаттың жемісі

291 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Нусипжанова БибигульҚазақстанның өз егемен­дігін алып, тәуелсіз ел бол­ғанына биыл ширек ғасыр толады. Осы 25 жыл ішінде Елба­сы атамекенімізді алты құр­лыққа танытып, эконо­ми­ка­мызды дамытты. Шынын айтуымыз керек, Қазақстан әлемге ең алдымен бірлігі бекіген, ынтымағы жарасқан, халқы бейбітшілікті қалайтын, Президенттің сарабдал саясаты­ның арқа­сында өркендеп келе жатқан жас мем­лекет ретінде танылды. Бұл сөзімнің тағы бір дәлелі болсын, күні кеше ғана еліміз­дің БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне сайланып, абыройымызды және бір мәрте асыра түсті. Әлбетте, мұның өзі – Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың Тәуел­сіздік жылдарындағы Қазақстанды өрке­ндету жолында төккен тері мен сын­дарлы саясатының жемісі. Еліміз аталған кеңеске мүшелікке өту үшін қажетті 129 дауыстан да асып-тү­сіп, 138 дауыс алды. Сөйтіп, Қазақстан өңірден өзімен бәсе­кеге түскен Таиландтан оқ бойы озып кетіп отыр. Оған дауыс берген мүше ел­­дер саны 50-дің төңірегінде ғана. Міне, осы­­ған қарап-ақ еліміз сыртқы саясатының қан­­ша­­лық­ты қуатқа ие екенін көруге болады. Қазақстан халқы қазір шын ниетпен қуа­нып жатыр. Әлемде ең беделді ұйым са­налатын БҰҰ бірінші кезекте бейбітшілікті жақтайды. Әрбір елдегі саяси тұрақтылықты, достастық­ты, татулықты баға­лайды. Осы ретте Қазақстан – Жер шарында ядролық қарудан бас тартқан бірінші мемлекет. Биылғы жылдың басында Елбасы АҚШ-та өт­кен әлем лидерлерінің кеңе­сінде барша халықты бейбіт өмір сүруге шақырып, тату­лық­ты ту ету керектігін айт­қан болатын. Президенттің мани­фесінде қамтылған ұтымды ой мен келелі пікір көптің көңілінен шықты. Сол сияқты, Мемлекет басшысының көреген көш­басшылығы мен салиқалы саясаты Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайлануына зор ықпал етті. Бүгінде Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясының ұжымы Елбасының әрбір Жолдауы мен маңызды реформасын қолдап, жастарға кеңінен насихаттау жолында жұмыс жүргізіп келеді. Өз кезегінде біз де кешегі тарихи оқиғаны шәкірттерге жан-жақты әңгімелеп, маңыздылығы жайында айтатын боламыз. «Қазақстанның болашағы жастардың қолында. Өскелең ұрпақ терең білім алып, саналы тәрбиемен сусындауы керек. Ол үшін мемлекет жастарға барлық жағдайды жасап келеді», – деген Елбасының сөзі үнемі жадымызда. Сөзімнің соңында Елбасының «қайт­сем Отанымды өркендетіп, қалай дамыта­мын» деген сөзін жүрекпен түсі­нейік. Бірлігімізді бағалап, татулы­ғымыз­ды жоғалтпайық. Тәуелсіздіктің 25 жыл­дығымен тұспа-тұс келген БҰҰ Қауіп­сіздік Кеңесінің тұрақты емес мүше­сі болып сайлану ертеңгі ұлы тарих, келе­шек ұрпақтың жолына жасалған соны қадам екенін ұмытпайық дегім келеді. Бибігүл НҮСІПЖАНОВА, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры АЛМАТЫ