01 Шілде, 2016

Ел өміріндегі ұлы оқиға

354 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Сабит ДосановЕлдің де, ердің де өмірінде ерек­ше есте қалатын аса қым­бат күндер, ұлы оқиғалар бола­ды. Тәуелсіздіктің 25 жы­лын­­­да тар­лан тарих таңғал­ған аса биік асу­лар­дан асқан Қа­зақ­­­­­стан тағы бір биік шыңға шықты. Қуан, қазақ, қуанатын күн бүгін, Шаттық әнін шалқытатын туды күн! Мен де бүгін шабытымды шақырып, Жырмен ашам қуаныштың түндігін! 2016 жылы 28 маусымда Қазақ­стан Бірік­кен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесі­нің тұрақты емес мүшесі болып сайлан­ды. Бұл – еліміздің басына бақ қонған бақытты күн! Бақыт оңай қонбайды. Ел мен Ердің тарихи ұлы жеңісі – ең алдымен Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың кемел ойлы, кең құлашты көрегендігі­нің, әлемдік деңгейдегі аса биік беделінің жемісі. Жаратқан Иемнің Нұрсұлтанға жомарттықпен сыйлаған сом алтындай сан қырлы талантының жеңісі! «Адамда жақсы қасиет болмаса, оған бақыт та, бақ та қон­бай­ды» (Жүсіп Баласағұн). Қазақ­станның басына қонған бақ Ер мен Елдің тарихи Ұлы жеңісі! Сая­сат та егін сияқты, не ексең соны орасың. Елбасы ел тізгінін ұс­та­ғалы даналық дәнін сеуіп келеді. Еліміз саясат әлеміндегі сол бітік егінді орып жатыр. Нұрсұлтан Назар­баев сынды көш бастаған кемеңгер көс­емі, еңбеккер халқы бар Қазақстанның бүгіні бекем, келешегі кемел. Мәңгілік Елге бастаған Нұрлы Жолымыз жарық. Ел өміріндегі ұлы оқиға құтты, бақытымыз баянды болсын!  Сәбит ДОСАНОВ, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Түрік әлеміне сіңірген еңбегі үшін Махмұт Қашқари атындағы сыйлықтың иегері  АЛМАТЫ