01 Шілде, 2016

«Бокс – төбелес емес, ол – өнер!»

660 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Геннадий Головкин– дейді Атырауға келген атақты былғары қолғап шебері Геннадий Головкин Даңқты боксшы Геннадий Головкин Атыраудың төрінде шеберлік-сабағын өт­кізді. «Әкем – орыс, шешем – кәріс, ал мен – қазақпын!» – деп жар салған Генамен кездесуге жұ­мылған жұрт Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік уни­верситетінің «Жайық» спорт залында иін тіресіп тұр­ды. Өзінен дәріс алуға, тіп­ті қолтаңба алуға ниетті жан­күйерлерінің алдында Гена боксшы қолына қолғап киіп, құм толтырылған қапты да, өзіне еліктеп, ізін басар ізбасарларын да соққылаған жоқ. – Бокс – төбелес емес, еш­қашан солай болған да емес. Мұны боксшы болуға ұмтылған әр жеткіншекке бірден ұғындыру керек, – деп саңқ етті Геннадий Головкин. – Бокс – өнер! Ал өнерді игеру жолы ауыр, мақсаты бар адам ғана оны меңгере алады. Әр адам өмірде алдына мақсат қоя­тын болса, спортта да дәл сондай мұрат қоя білу қажет. Мақ­сат-мұратсыз ешкім ешқандай табысқа да, жетістікке де жете ал­майды. Әсіресе, бокста биік белес­ті бағындырғысы келгендер әр қадамын мықтап ойлануы керек. Геннадий Головкиннің пі­кірін­ше, боксшыларға адал­дық, шын­шылдық қажет. «Мен жаттығу залында төккен т­ерімнің жемісін көріп жүрмін. Жат­тықтырушының ақыл-кеңесі ғана биікке жете­лейді», деп ұдайы бапкеріне құрметпен қарайтынын білдірді. Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ, «Егемен Қазақстан» АТЫРАУ