01 Шілде, 2016

Қасқыр атуға – 6 миллион теңге

792 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
қасқырБұл қаржыға жыл соңына дейін 725 қасқырды ату жоспарланған. Облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу бас­қар­масының басшысы Нұржан Аққұлдың айтуынша, қазіргі күні 200 жыртқыштың көзі жойылған. – Облыста шалғай, үйі аз ауылдар бар. Даладан азық таппаған аш-құрсақ қасқырлар ауылға кіріп, мал мен адамға шабуы мүмкін. Өңірде жануарлар дүниесін, соның ішінде киіктер популяциясын, тұрғындар денсаулығын қорғау және құтырма ауруының алдын алу мақсатында қасқыр ату жұмыстарына осыншама қаржы бөлінді, – дейді ол. Оның мәлімдеуінше, бір қасқырды ату шамамен 15 мың теңгеге түседі. Бұл қаржы жанар-жағармай, техни­каға, яғни жол шығынына, оқ-дәріге жұмсалады екен. Қасқыр атумен мемлекеттік сатып алу байқауына қаты­сып, жеңімпаз атанған мекеме ай­налысуда. Табиғаттың арасалмағын теңес­тіріп қоймасаң, түз тағысының зияны да болмай қалмайды. Сатыбалды СӘУІРБАЙ, «Егемен Қазақстан» Ақтөбе облысы