01 Шілде, 2016

Құрылғы күн энергиясымен қуаттанады

381 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
күн энергиясыКелешекте құрылысшы­лар күннен қуат алатын бетон қа­ры­ғышпен жұмыс iстейтiн болады. Бұл құрылғыны Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрiк университетi Кентау инс­титутының мамандары iске қос­ты. Балама энергия арқылы iс­ке қосылатын бетон қарығыш бағаналар арқылы жарық жүйесi тартылмаған аумақта құрылыс жүргiзуге өте қолайлы. Қажеттi заттар Қытай­­дан алын­­­­­ғанмен, құрастыру жұмыс­тарын оқу орнының студенттерi өздерi жасаған. Кәсiптiк бi­лiм мамандығын игерушi iз­де­­нушiлер теория жүзiндегi сабақтарын тәжiрибемен ұш­тастыру барысында құнды дү­ниеге қол жеткiзген. Небәрi 3 минутта 50 литр бетонды қарып беретiн құрылғы бұлтты күндерi де 220 вольтпен 24 сағат бойы кедергiсiз жұмыс iстейдi. Күннен алынған энергия аккумуляторға жиналып, қажет кезде таратылады. Ток қосқышқа теледидар, мұздатқыш секiлдi тұрмыстық техникаларды да қо­суға болады. Жобаны «Тiса» фирмасы қар­жыландырып отыр. Ал, негiзгi маман – түркиялық Ферхад Чайыр. Ал­дағы уақытта ЭКСПО – 2017 көрмесiне ұсынсақ деген тағы бiраз жобаларымыз бар, – дейдi Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ Кен­тау институтының директоры Камалбек Беркiнбаев. Қайрат ЗАЙНИШЕВ Түркістан