01 Шілде, 2016

Түтін тазартқыш сүзгілер орнатылды

831 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
1-34Еуразиялық Топ (ERG) құрамындағы «Қазхром» ТҰК» АҚ филиалы – Ақсу ферроқорытпа зауытының мамандары агломерациялық цех пен кәсіпорынның газ тазалау кешендерінде түтін тазартқыш сүзгілер ауыстыруды бастап кетті.  Орнатылған түтін тазартқыш сүзгілердің жалпы алаңы 72000 шаршы метр. Жалпы, зауыт іске қосылғалы да 40 жылдан асты. Онда өндірілетін құ­рамында хром, кремний, марга­нец қоспалары бар ферроқорытпаға деген сұраныс әлем нарығында жылдан-жылға өсуде. Жылына 1,2 миллион тонна өнім өндіретін металлургиялық кәсіпорында 6 мыңнан астам ақсулық еңбек етуде. Өнеркәсіптен түсетін табысты ғана емес, өндірістен келетін эко­логиялық зиянды да есептеу керек. Кәсіпорын туралы сөз етер болсақ, оның қоршаған ортаны қорғау жүйесі бойынша атқарып жатқан істерін  айтуға тура келеді. Осыдан бірнеше жыл бұрын зауыт OHSAS-18000 ат­ты қоршаған ортаны қорғаудың халықаралық менеджмент жүйесін енгізді. Өндірістік қалдықтарды игілікке жарату үшін агломерат цехын іске қосты. Бұл – зауыттың эко­логиялық бағдарламасының негізгі инвестициялық бөлігі ғана емес, сонымен бірге, талай жылғы ғы­лыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесі. Мамандардың түсіндіруінше, агломерат цехы ең алдымен өн­діріс қалдықтарын қайта өңдеуге мүм­кіндік береді. Жаңа цехта ұсақ қалдықтар арнайы техно­логия бойынша біріктіріледі, сөй­тіп іріленген шикізат қайтадан қо­рытпа өндірісіне жіберіледі. Нәти­жесінде технологиялық ре­жімді тұрақтандыруға, пештердің өнім­ділігін арттыруға, шикізат шығынын төмендетуге жол ашылады. Электр қуаты үнемделеді. Агло­мерат цехы­ның екінші бір тиімділігі – оның экологиялық тұрғыдан алғанда қауіпсіз болып са­­налатындығы. Мұнда сүзгіштер мен желдеткіш құрылғылар жұмыс істейді. Жоғары технологияға құрылған, жиналған қалдықтарды қайта өң­дейтін автоматтандырылған өндіріс, газ тазалаушы құрылғылар өндірістен ауаға шығатын қалдықтың 99,8 пайызын сүзіп, тазалайды. – Сүзгілер орнату – бұл  5 ай­­да жа­­салған жұмыс,– дейді зауыт­тың техникалық директоры В.Чи­чихин. – №1, №6 ферро бал­қы­ту цехтарында, агломерация це­хында қондырғыларға арнайы түрде  жөндеу жүргізілді. Жүйе­лердің құбырлары мен бекіткіш қондырғыларына сүзгілер орнатылды. Өйткені, біздің кәсіпорын және бүкіл Еуразиялық топ үшін қоршаған ортаны қорғау – ерекше басым бағыт. Экологиялық жобаларға қар­жы үнемдеуге болмайды. Зауыт мамандарының айтуынша,  негізгі  түтінді, газды  тарту, үрлеу жаб­дығы орналасқан аглоцехтағы сорғыш бөліміне баса назар аударылды. Энергожөндеу цехының мамандары №46 пешке жаңа газ тазалау қондырғысын орнату барысында асқан шеберлік, біліктілік көрсетті. Қазір де қондырғыға тү­тін тазартқыш сүзгілерді орнату үшін қызу жұмыс жалғасуда.  Со­нымен бірге,  №45 пештің түтін шығару жүйесіне  сүзгі орнату  бір­ге қатарлас жүргізілуде. Ал, №1 цехтың түтіннен, газдан тазалау құбыр жүйелеріне инвестициялық бағдарлама шеңберінде 2 қуатты электрқозғалтқыш  орнатылуда. Қоршаған ортаны қорғау – «Қазхром» ТҰК» АҚ кәсіпорнының басты міндеттерінің бірі. Кәсіпорын басшылығы  табиғатты қорғау шараларына өткен жылы 5,8 млрд. теңге қаржы жұмсады. Фарида Бықай, «Егемен Қазақстан» Павлодар облысы, Ақсу  қаласы