01 Шілде, 2016

Телефон арқылы сөйлесті

250 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
1311350790_ak_orda_e56vuyb56b7Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Пан Ги Мунмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Әңгіме барысында БҰҰ Бас хатшысы Елбасын 28 маусым­да Нью-Йоркте өткен БҰҰ Қауіп­сіз­дік Кеңесінің тұрақты емес мүше­лігі сайлауындағы Қазақстанның айқын жеңісімен құттықтады. Пан Ги Мун дауыс берудің нәтижесі Қазақстан Президенті жүргізіп келе жатқан еліміздің белсенді әрі сындарлы сыртқы саясатына берілген жоғары баға екенін ерекше атап өтті. Мемлекет басшысы бұл оқиға Қазақстанның ғана емес, бұған дейін БҰҰ-ның осындай негізгі органына өкілдік етіп көрмеген бүкіл Орталық Азия өңірінің табысы екенін айтты. Нұрсұлтан Назарбаев БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне еліміздің мү­шелігін бүкіл әлемдік қоғам­дас­тық мүшелері алдындағы зор жауапкершілік ретінде қабыл­дай­тынын мәлімдеді.